Елорда жаңалықтары

Аса қауіпті қылмыстар үшін жаза күшейтілді – Марат Ахметжанов

ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов онлайн брифингте биылғы Жолдаудың маңыздылығына тоқталып, Президенттің өткен жылғы Жолдауында берілген тапсырмалардың нәтижесі туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Мемлекет басшысының Жолдауы – өте маңызды құжат. Әсіресе халықты әлеуметтік қолдау жағынан. Президент көтерген тағы бір мәселе – адам құқығы. Оны қорғауды әрі қарай күшейту. Жалпы, тәуелсіздік жылдары қоғамдық тәртіпті күшейту, адам құқығын қорғау жолында сатылы түрде жұмыстар жасалуда. Атқарылған жұмыстар туралы бұған дейін талай мәрте баяндадық. Былтырғы Жолдауға сәйкес, аса қауіпті, яғни адам өмірі мен денсаулығына қарсы қасақана қылмыстар үшін жаза күшейтілді. Атап айтқанда, жаза адам өлтіргендер, зорлықшылар, педофильдер, экстремистер, кәнігі ұрылар, броконьерлер, есірткі саудасымен айналысатындар үшін күшейтілді. Бұл туралы Заңға өзгерістер өткен жылдың желтоқсан айында енгізілді. Түзетулер нәтижесінде ел ішіндегі қылмыс саны азайып келеді»,– деді ол.

-->