«ANTIKOR ORTALYGY» алаңында инвесторлармен мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кездесуі өтті
Елордалық «ANTIKOR ORTALYGY» алаңында инвесторлар жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесіп, бизнесті дамыту бойынша өзекті мәселелерді талқылады. Іс-шарада мемлекеттік аппараттың бизнес қауымдастық өкілдерімен өзара әрекеттесуінен туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің мәселелері, сондай-ақ «Protecting Business and Investments» жобасы аясында одан әрі ынтымақтастық туралы мәселе талқыланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева атап өткендей, «...инвестицияларды тарту - бұл елдің экономикалық дамуының драйвері. Мемлекеттік құрылымдардың құзыреттілігі мен ашықтығы қолайлы инвестициялық ахуалды құруға және бизнесмендер арасында да, мемлекеттік қызметкерлер қатарында да сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмауға мүмкіндік береді». Кәсіпкерлердің пікірінше, сыбайлас жемқорлықтың негізгі себептері - көптеген талаптар және оларды орындау мүмкін еместігі, кәсіпкерлікті жүргізуге арналған рұқсаттар мен жер учаскелерін алу процедураларының күрделілігі, сондай-ақ бизнес өкілдеріне кедергі жасау. «Protecting Business and Investments» жобасы аясында әкімшілік кедергілерді жою, мемлекеттік қызметшілердің қызмет бабын асыра пайдалану және өз мүдделерін қорғау фактілерінің алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Биылғы жылдың басынан бастап Департаментпен медициналық жабдықтарды жеткізу мен отандық жиһаз өнімдерін жасау және білім беру мекемелерінің құрылысын жүргізетін 6 компаниямен жалпы құны 9,5 млрд. теңгені құрайтын инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлықтан қолдау туралы келісімге қол қойылды. Шара соңында қонақтарға «ANTIKOR ORTALYGY» жұмысы таныстырылды.
-->Елордалық «ANTIKOR ORTALYGY» алаңында инвесторлар жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесіп, бизнесті дамыту бойынша өзекті мәселелерді талқылады. Іс-шарада мемлекеттік аппараттың бизнес қауымдастық өкілдерімен өзара әрекеттесуінен туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің мәселелері, сондай-ақ «Protecting Business and Investments» жобасы аясында одан әрі ынтымақтастық туралы мәселе талқыланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева атап өткендей, «...инвестицияларды тарту - бұл елдің экономикалық дамуының драйвері. Мемлекеттік құрылымдардың құзыреттілігі мен ашықтығы қолайлы инвестициялық ахуалды құруға және бизнесмендер арасында да, мемлекеттік қызметкерлер қатарында да сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмауға мүмкіндік береді». Кәсіпкерлердің пікірінше, сыбайлас жемқорлықтың негізгі себептері - көптеген талаптар және оларды орындау мүмкін еместігі, кәсіпкерлікті жүргізуге арналған рұқсаттар мен жер учаскелерін алу процедураларының күрделілігі, сондай-ақ бизнес өкілдеріне кедергі жасау. «Protecting Business and Investments» жобасы аясында әкімшілік кедергілерді жою, мемлекеттік қызметшілердің қызмет бабын асыра пайдалану және өз мүдделерін қорғау фактілерінің алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Биылғы жылдың басынан бастап Департаментпен медициналық жабдықтарды жеткізу мен отандық жиһаз өнімдерін жасау және білім беру мекемелерінің құрылысын жүргізетін 6 компаниямен жалпы құны 9,5 млрд. теңгені құрайтын инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлықтан қолдау туралы келісімге қол қойылды. Шара соңында қонақтарға «ANTIKOR ORTALYGY» жұмысы таныстырылды.