Елорда жаңалықтары

Этникалық диаспора басшылары «Аntikor ortalygy» алаңында болды

Бүгін ANTIKOR.LIVE жобасы аясында Польша орталығының төрағасы Елена Роговская, түрік орталығының төрағасы Аскер Пириев және департамент жанындағы ақпараттық-ағартушылық штабтың жетекшісі, жазушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Сәдібек Түгелдің қатысуымен тікелей эфир өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо. Тікелей эфирде этномәдени бірлестіктердің өкілдері бірлескен жұмыс форматы бойынша өз пікірлерімен бөлісті. Спикерлер елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына, әлеуметтік індетті жоюға бағытталып жүргізіліп жатқан реформаларға қолдау білдірді. Сондай-ақ диаспора басшылары этномәдени бірлестіктердің қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік ахуалын құрудағы әрбір азаматтың рөлі туралы айтып берді. «Әрбір елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша оң және теріс тәжірибесі бар. Біз барлық саяси процестерді тежейтін фактор ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әсер етудің дұрыс тетіктерін табуымыз керек. Біз төрағалық ететін қоғамдық бірлестіктердің жарғыларында парасаттылық идеясы көрініс табатынына сенімдімін», - деп атап өтті Әскер Пириев. Өз кезегінде Сәдібек Түгел сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпараттық-ағартушылық штабының жұмысы мен бастамалары туралы айтып, түрлі этнос өкілдерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту және парасаттылық идеясын ілгерілету бойынша ынтымақтастыққа шақырды. Қонақтар «ANTIKOR ORTALYGY» сервис орталығының жұмысымен танысты.

-->