Елорда жаңалықтары

Елордада Жеңіс даңғылы жартылай жабылады

Астанадағы Жеңіс даңғылы 25 мамырға дейін жартылай жабылады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. Сол себептен көлік жүргізушілеріне өз бағдарын алдын ала жоспарлау ұсынылды. Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Жеңіс даңғылының Кенесары көшесінен Абай даңғылына дейінгі аумағын жөндеп жатыр. Осыған орай мамырдың 13-нен 25-не дейін аталған аумақта көлік қозғалысы тоқтатылады. Қала тұрғындары мен қонақтары жолдағы кептеліске тап болмас үшін бағдарын алдын ала жоспарлауы қажет.

-->