Елорда жаңалықтары

Қиындыққа қайыспай, береке-бірлігімізден айырылмайық – докторант

Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті Заң факультетінің докторанты Айдана Оспанова Елбасының «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласына пікірін білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ең қиын кезеңдерде халықпен бірге болып, салмақты да маңызды шешімдерді қабылдай білді. Елбасымыздың бұл үндеуі әрбір қазақстандыққа арналған. Әлемді шарпыған індет өкінішке қарай, біздің елімізді де айналып өтпеді. Қазір барлығымыз біріге отырып, ел игілігі үшін шыдамдылық танытып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкіметтің осы күндері жүзеге асырып жатқан, мемлекет тарапынан қабылданған шараларға қолдау көрсетуіміз маңызды. Осы қиын кезеңде біздің ортақ міндетіміз – бейбітшілік пен келісімді нығайту үшін барлық күш-жігерімізді салу. Біз біргеміз! Қиындыққа қайыспай, белімізді бекем буып, береке-бірлігімізден айырылмайық. Сонда ғана біз қастерлі тәуелсіздігімізді сақтап, Қазақстанды «Мәңгілік ел» болуға лайықты ете аламыз» деп ойлаймын», – деді Айдана Оспанова.

-->