Елорда жаңалықтары

ҚазАТУ: Жаңа ректор, жаңа атау

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, бірінші вице-министр Айдарбек Сапаров және сенатор Ақылбек Күрішбаев «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ ғылыми-педагогикалық ұжымына жаңа басқарма төрағасын таныстырды, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР АШМ ресми сайтына сілтеме жасап.

Қайрат Айтуғановты қызметке тағайындалуымен құттықтай отырып, Сапархан Омаров бұрынғы басқарма төрағасы Ақылбек Күрішбаевтың университетті дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтіп, жаңа басшылықпен жоғары оқу орны одан да үлкен жетістіктерге жететініне сенім білдірді.

Сондай-ақ министр сенатор А.Күрішбаевқа «Еңбек ардагері» медалін табыстады.

[caption id="attachment_34422" align="alignnone" width="696"] Фото ҚР АШМ ресми сайтынан[/caption]

ҚР Парламенті Сенатының депутаты, өз кезегінде, жоғары оқу орнына жаңа мәртебе берілгенін айтты. Яғни ҚазАТУ енді С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық ғылыми-зерттеу университетіне айналды.

[caption id="attachment_34425" align="alignnone" width="836"] Фото ҚР АШМ ресми сайтынан[/caption]

-->