Елордалық ТЖД рұқсат етілмеген жағажайда шомылу қауіпті екенін ескертеді
Астанада жағажай маусымына дайындық мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. Нұр-Сұлтанда су нысандарын тізімге алу жұмыстары жүріп, жүзуге арналған 23 орын анықталды. Оның ішінде Орталық жағажай, «Три пескаря» және «Столичный двор» демалыс аймақтарына рұқсат етілді. «Алматы-3, Байқоңыр-1, Есіл-3, Сарыарқа-3 аудандарындағы он учаскеде қосымша тегін жағажай ашу туралы ұсыныс жасалды. Бұл су аймақтарындағы қарбаласты айтарлықтай азайтады», - делінген Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында. Сондай-ақ су деңгейінің төмендігі, кіретін жолдардың болмауы, қалың тоғайлы әрі қамысты болу салдарынан тағы он учаскеде жағажай ашу қолайсыз деп танылды. «Оқыс оқиғалардың алдын алу үшін рұқсат етілмеген жерлерге тыйым салу таңбалары мен қалқыма белгілер қойылады. Өзеннің төменгі бөлігі шомылу орындары ретінде тексеріліп, қауіпті учаскелер қоршалады және оларды патрульдік полиция күн сайын күзетеді», – дейді ТЖД. Мамандардың айтуынша, жыл сайын рұқсат етілмеген шомылу орындары санының көбею тенденциясы байқалады (2017 жылы – 10, 2018 жылы – 12, 2019 жылы – 20). Оның негізгі себебі рұқсат етілген қалалық жағажайлардың саны мен қашықтығына, қаланың су аймағы бойында жаңа аудандар әрі көпқабатты үйлердің салынуына, халық санының артуына байланысты. Осыған байланысты қалалық мәслихаттың тыйым салынған шомылу орындарын және оларға қойылатын талаптарды анықтау туралы шешімге толықтырулар енгізілді. Алдағы жағажай маусымына 90 «шомылуға тыйым салынады» белгісі мен қала су айдындарында адамдардың қаза болу статистикасы бар 25 ақпараттық стенд орнатылады. Бұған қоса департамент бөлімшелері 20 қалқыма белгі орнатып, суға шомылу орындарында өзен түбін зерттеп, қауіпті учаскелерге қоршау жүргізеді. Жазғы жағажай маусымы профилактикалық іс-шараларды өткізуге, балаларды жүзуге, өзін-өзі құтқаруға, алғашқы медициналық көмек көрсетуге оқытуды ұйымдастыру үшін АӘД және дене шынықтыру оқытушылары құрамын тартуға ерекше назар аударылады. Бұл жұмысты департамент қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес тұрақты түрде жүргізеді.
-->Астанада жағажай маусымына дайындық мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. Нұр-Сұлтанда су нысандарын тізімге алу жұмыстары жүріп, жүзуге арналған 23 орын анықталды. Оның ішінде Орталық жағажай, «Три пескаря» және «Столичный двор» демалыс аймақтарына рұқсат етілді. «Алматы-3, Байқоңыр-1, Есіл-3, Сарыарқа-3 аудандарындағы он учаскеде қосымша тегін жағажай ашу туралы ұсыныс жасалды. Бұл су аймақтарындағы қарбаласты айтарлықтай азайтады», - делінген Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында. Сондай-ақ су деңгейінің төмендігі, кіретін жолдардың болмауы, қалың тоғайлы әрі қамысты болу салдарынан тағы он учаскеде жағажай ашу қолайсыз деп танылды. «Оқыс оқиғалардың алдын алу үшін рұқсат етілмеген жерлерге тыйым салу таңбалары мен қалқыма белгілер қойылады. Өзеннің төменгі бөлігі шомылу орындары ретінде тексеріліп, қауіпті учаскелер қоршалады және оларды патрульдік полиция күн сайын күзетеді», – дейді ТЖД. Мамандардың айтуынша, жыл сайын рұқсат етілмеген шомылу орындары санының көбею тенденциясы байқалады (2017 жылы – 10, 2018 жылы – 12, 2019 жылы – 20). Оның негізгі себебі рұқсат етілген қалалық жағажайлардың саны мен қашықтығына, қаланың су аймағы бойында жаңа аудандар әрі көпқабатты үйлердің салынуына, халық санының артуына байланысты. Осыған байланысты қалалық мәслихаттың тыйым салынған шомылу орындарын және оларға қойылатын талаптарды анықтау туралы шешімге толықтырулар енгізілді. Алдағы жағажай маусымына 90 «шомылуға тыйым салынады» белгісі мен қала су айдындарында адамдардың қаза болу статистикасы бар 25 ақпараттық стенд орнатылады. Бұған қоса департамент бөлімшелері 20 қалқыма белгі орнатып, суға шомылу орындарында өзен түбін зерттеп, қауіпті учаскелерге қоршау жүргізеді. Жазғы жағажай маусымы профилактикалық іс-шараларды өткізуге, балаларды жүзуге, өзін-өзі құтқаруға, алғашқы медициналық көмек көрсетуге оқытуды ұйымдастыру үшін АӘД және дене шынықтыру оқытушылары құрамын тартуға ерекше назар аударылады. Бұл жұмысты департамент қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес тұрақты түрде жүргізеді.