Халық күткен жолдау болды – Несіпбек Айтұлы
Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы Мемлекет басшысының бүгінгі Жолдауына пікірін білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Жолдауы халықтың көкейінен шыққан жолдау болды. Өйткені биыл ауыр күндерді бастан кешіріп отырмыз. Әлемдік індеттен еліміз қайғы жұтып, көптеген шаңырақтар қара тұтып, алдағы күнге алаңдап отырған шақта жасалған бұл жолдаудың мәні де, маңызы да ерекше. Президентіміз ел өміріне мүлде жаңа өзгеріс әкелетін бұл Жолдауында мемлекетіміз бастан кешіп отырған қиын кезеңге жан-жақты баға беріп, бүгінгі саяси ахуалға, ел экономикасына, қақтығыстарға толы әлеуметтік жағдайларға терең талдау жасады. Тығырықтан шығудың жолдарын нақты көрсеткен халықтың алабұртқан көңілін орнықтырған терең де, кемел Жолдау болды», – деді Несіпбек Айтұлы. Оның айтуынша, Жолдау әрбір азаматтың көкейінде қоздап жатқан ойларды дөп басып, ұлт тағдырына, ел ертеңіне қатысты мәселелердің шешімін анық көрсетті. «Президент басымыздан өткен қасіретті айларда елге түскен ауыртпашылықты билік жасырып-жапай, ашық айтып келгенін еске салып, көлденең қырсықтан үлкен күреспен аман шығатынымызға сенім білдірді. Бүгінгі Жолдауда халқымыз алаңдап отырған жағдайларға жан-жақтылы жауап берілді. Халықтың тұрмысын жақсартудың, қиындықты жеңудің тәсілдерін көрсетіп, Үкіметке, министрлерге нақты нұсқаулар берді. Ел болашағын айқындайтын бұл Жолдауға халық көп үміт артып отыр. Алдағы уақытта Жолдауда айтылған нақты тапсырмаларды орындап, халық күткен деңгейден көріну – билік тізгінін ұстап отырған азаматтардың тікелей міндеті. Қысқа сөзімізде Жолдаудағы ауқымды мәселелердің бәрін талдап шығу мүмкін емес. Ол алдағы күннің еншісінде. Жолдау тереңдікпен жасалған. Лайым, Жолдауда көтерілген келелі мәселелер, айқын нұсқаулар, тиянақты тапсырмалар жолда қалып қоймай, тыңғылықты орындалса нұр үстіне нұр болар еді. Келешегіміздің көкжиегі де кеңейе түсер еді», – деді ол.
-->Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы Мемлекет басшысының бүгінгі Жолдауына пікірін білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Жолдауы халықтың көкейінен шыққан жолдау болды. Өйткені биыл ауыр күндерді бастан кешіріп отырмыз. Әлемдік індеттен еліміз қайғы жұтып, көптеген шаңырақтар қара тұтып, алдағы күнге алаңдап отырған шақта жасалған бұл жолдаудың мәні де, маңызы да ерекше. Президентіміз ел өміріне мүлде жаңа өзгеріс әкелетін бұл Жолдауында мемлекетіміз бастан кешіп отырған қиын кезеңге жан-жақты баға беріп, бүгінгі саяси ахуалға, ел экономикасына, қақтығыстарға толы әлеуметтік жағдайларға терең талдау жасады. Тығырықтан шығудың жолдарын нақты көрсеткен халықтың алабұртқан көңілін орнықтырған терең де, кемел Жолдау болды», – деді Несіпбек Айтұлы. Оның айтуынша, Жолдау әрбір азаматтың көкейінде қоздап жатқан ойларды дөп басып, ұлт тағдырына, ел ертеңіне қатысты мәселелердің шешімін анық көрсетті. «Президент басымыздан өткен қасіретті айларда елге түскен ауыртпашылықты билік жасырып-жапай, ашық айтып келгенін еске салып, көлденең қырсықтан үлкен күреспен аман шығатынымызға сенім білдірді. Бүгінгі Жолдауда халқымыз алаңдап отырған жағдайларға жан-жақтылы жауап берілді. Халықтың тұрмысын жақсартудың, қиындықты жеңудің тәсілдерін көрсетіп, Үкіметке, министрлерге нақты нұсқаулар берді. Ел болашағын айқындайтын бұл Жолдауға халық көп үміт артып отыр. Алдағы уақытта Жолдауда айтылған нақты тапсырмаларды орындап, халық күткен деңгейден көріну – билік тізгінін ұстап отырған азаматтардың тікелей міндеті. Қысқа сөзімізде Жолдаудағы ауқымды мәселелердің бәрін талдап шығу мүмкін емес. Ол алдағы күннің еншісінде. Жолдау тереңдікпен жасалған. Лайым, Жолдауда көтерілген келелі мәселелер, айқын нұсқаулар, тиянақты тапсырмалар жолда қалып қоймай, тыңғылықты орындалса нұр үстіне нұр болар еді. Келешегіміздің көкжиегі де кеңейе түсер еді», – деді ол.