Елорда жаңалықтары

Төлеген Күнәділов: Президент ел әл-ауқатының одан әрі өсуінің негізгі бағыттарын анықтап берді

Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіподақтар орталығы төрағасының міндетін атқарушы Төлеген Күнәділов  Президент Жолдауда елдің әл-ауқатының одан әрі өсуінің негізгі бағыттарын анықтап бергендігін жеткізді, деп хабарлайды Елорда Инфо. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында дағдарыс жағдайында атқарылатын іс-шаралар жоспары және пандемиямен күрес жөнінде кешенді бағдарлама әзірленетіні жөнінде баяндады. Бұл мақсатқа мемлекет тарапынан әлеуметтік саладағы және экономиканы қолдауға бағытталған барлық міндеттемелерді орындау үшін Ұлттық қордан 1 трлн теңге бөлінетінін атап өтті. Президенттің Жолдауы негізгі бағдарламалық құжат ретінде елдің даму перспективаларына бағытталған. Осыған орай, Президент әр ведомствоның елдің әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін жауапкершілігін көрсетті. Ол әлеуметтік салаға, ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке, сот жүйесіне және ішкі істер органдарына нақты талаптар қойды. Бір қуантарлығы, 2021 жылдан бастап Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының 700 мың салымшысы баспана сатып алуға, сонымен бірге емделуге өз жинақтарының бір бөлігін ала алады. Отандық фармацевтиканы дамытуға және медициналық көмекті оңтайлы ұйымдастыруға көңіл бөлініп отыр. Бұл іс-шаралардың барлығы ұлт денсаулығын жақсартуға және қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы пандемия жарияланғаннан бастап қауіпті індетпен үздіксіз күресіп келе жатқан дәрігерлердің жұмысын бағалауға, екінші жартыжылдықта медицина қызметкерлеріне ынталандыру сыйлықақыларын төлеуге 150 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Жолдауда Қазақстан Республикасының экономикалық тұрақтылығы мен елдің әл-ауқатының одан әрі өсуінің негізгі бағыттарын анықтап берді.

-->