Елорда жаңалықтары

Елімізде халықтың өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін жеткізу көзделіп отыр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елімізде адамның өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін жеткізу үшін ұлттық денсаулық сақтауды дамытуды тапсырды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Үкімет алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдерін түбегейлі қайта қарауы керек. Ол халықтың басым бөлігіне, соның ішінде ауыл тұрғындарына барынша ыңғайлы әрі қолжетімді болуы тиіс. Үш жыл ішінде тиімді ауылдық денсаулық сақтауды құру, барлық елді мекенді фельдшерлік-акушерлік пункттермен және дәрігерлік амбулаториялармен қамтамасыз ету мақсатында шалғай өңірлер үшін көлік медицинасын жаңғырту жөнінде шаралар қабылдау қажет», - деп тапсырды Президент Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында. Оның айтуынша, пандемия сирек кездесетін дәрігерлерді, яғни эпидемиолог, инфекционист, реаниматолог, пульмонолог, кардиолог секілді өзге де мамандарды даярлау мәселесін алға қойып отыр. «Үкіметке медициналық мекемелерді кадрлармен қамтамасыз етудің ұзақ мерзімді, мүмкін 10 жылға арналған болжамын жасауды тапсырамын. Ұлттық денсаулық сақтауды одан әрі дамыту шаралары барлық медициналық ұйымдарды қажетті жабдықтармен толық қамтамасыз етуді, төсек қорын 50 пайызға жаңартуды, ескірген инфрақұрылымды ауыстыруды, күтілетін өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін жеткізуді тапсырамын», - деді Тоқаев.

-->