«Nur Otan» партиясының елордалық филиалы праймеризге құжаттарды қабылдау қорытындысын шығарды
Елордалық филиал 2020 жылдың 17 тамызында басталған партия ішілік іріктеуге қатысушылардың құжаттары мен өтініштерін қабылдауды қорытындылады, деп хабарлайды Елорда Инфо. Барлығы 403 өтініш келіп түсті, оның 139-ы (34,1%) әйелдерден, 150 өтініш 35 жасқа дейінгі жастардан (37,2%). Сонымен қатар, көпбалалы 4 ана праймеризге қатысады. «Бастауыш партия ұйымдарынан 121 кандидат және өзін-өзі 282 кандидат ұсынды. Қалалық мәслихаттағы орындарға 224 адам жүгінеді. Кәсіби құрамы бойынша: ШОБ өкілдері — 90, білім — 47, медицина — 20 , ҮЕҰ — 40. Мен өз атымнан және елордалық филиал атынан барлық үміткерлерге праймеризде сәттілік тілеймін », — деді «Nur Otan» партиясы елордалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Каналимов.
-->Елордалық филиал 2020 жылдың 17 тамызында басталған партия ішілік іріктеуге қатысушылардың құжаттары мен өтініштерін қабылдауды қорытындылады, деп хабарлайды Елорда Инфо. Барлығы 403 өтініш келіп түсті, оның 139-ы (34,1%) әйелдерден, 150 өтініш 35 жасқа дейінгі жастардан (37,2%). Сонымен қатар, көпбалалы 4 ана праймеризге қатысады. «Бастауыш партия ұйымдарынан 121 кандидат және өзін-өзі 282 кандидат ұсынды. Қалалық мәслихаттағы орындарға 224 адам жүгінеді. Кәсіби құрамы бойынша: ШОБ өкілдері — 90, білім — 47, медицина — 20 , ҮЕҰ — 40. Мен өз атымнан және елордалық филиал атынан барлық үміткерлерге праймеризде сәттілік тілеймін », — деді «Nur Otan» партиясы елордалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Каналимов.