Елорда жаңалықтары

«Daryn.online» платформасын қазір 2,7 млн адам қолданады

«Daryn.online» платформасының негізін құрушы Ержан Оңалбаев күзде қанша бала аталмыш платформаны қолданатынын айтып, өз болжамын білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Daryn.online» платформасына қазіргі уақытта 2 млн 700 мыңдай қолданушы тіркелген. Бұл бір жылдық жұмыстың нәтижесі. Биыл 1 қыркүйектен бастап бүкіл республика бойынша 1 491 мектеппен келісімшарт жасалып, шамамен 1,5 млн – 1,8 млн мектеп оқушысы қолданады деп күтіп отырмыз», - дейді Ержан Оңалбаев. Айта кетейік, Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан онлайн отырыста Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова астананың 40 мектебі «Daryn.online» платформасын қолданатынын мәлім еткен болатын.

-->