Жыл соңына дейін 13 білім беру нысаны пайдалануға беріледі – басқарма басшысы
Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова онлайн брифингте жыл соңына дейін 13 білім беру нысаны пайдалануға берілетінін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Жыл соңына дейін Нұр-Сұлтан қаласында 13 нысанды пайдалануға беру жоспарлануда. Оның ішінде 7 мектеп пен 6 мектептің қосымша ғимараты. Жаңа оқу жылының басында 3 мектеп пен 2 қосымша ғимарат пайдалануға беріледі. Қалған білім беру нысандары жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде», – деді ол.
-->Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова онлайн брифингте жыл соңына дейін 13 білім беру нысаны пайдалануға берілетінін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Жыл соңына дейін Нұр-Сұлтан қаласында 13 нысанды пайдалануға беру жоспарлануда. Оның ішінде 7 мектеп пен 6 мектептің қосымша ғимараты. Жаңа оқу жылының басында 3 мектеп пен 2 қосымша ғимарат пайдалануға беріледі. Қалған білім беру нысандары жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде», – деді ол.