Елорда жаңалықтары

Елордада 8 мыңнан астам бала балабақшаға барып жүр

Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова тәрбиеленушілердің 15 пайызы балабақшаларға барып жүргенін мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Елордада әртүрлі типтегі 399 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Барлық балабақшалар 1 тамыздан бастап кезекші топтар режимінде жұмысын қайта бастады. Бүгінгі күні қала бойынша балабақшаларға 8 мыңнан астам бала барып жүр. Бұл біздің тәрбиеленушілеріміздің 15 пайызын құрайды», - дейді басқарма басшысы. Шолпан Қадырова өз сөзінде мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтар жұмыс істеу режимі бойынша балалар мен қызметкерлер, сондай-ақ ата-аналар үшін жұмыс алгоритмі құрастырылғанын айрықша атап өтті.

-->