Елорда жаңалықтары

Аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары елорда колледждерінің грантына ие болды

[caption id="attachment_33770" align="alignnone" width="856"] Фото: Ерлан Қаналимов/Facebook[/caption]

Аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 50 бала, соның ішінде басқа аймақта тұратын 38 бала елордалық колледждерінің білім грантына ие болды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Қаналимов Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Ерлан Қаналимовтың сөзінше, мұндай мүмкіндік «Nur Otan» партиясы елордалық филиалы мен «Астана-Профи» колледжі, ҚазГЮУ гуманитарлық-заң колледжі және Технология колледжі қол қойған меморандумның арқасында пайда болған.

[caption id="attachment_33763" align="alignnone" width="960"] Фото: Ерлан Қаналимов/Facebook[/caption]

Партияның елордалық филиалына 68 адам жүгініп, оның 1-і гранттан бас тартса, 4-і басқа қалалардың оқу орындарына түскен. 8-і мектептерде білімін жалғастырады, тағы бесеуі басқа елордалық колледждерде оқитын болады. Бұл сандар гранттарды бөлу жөніндегі комиссияда айтылды.

-->