Елорда жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда 20 млн шаршы метрден астам аумақ дезинфекцияланды

Астанада дезинфекциялау жұмыстары жалғасып жатыр. Қаланы залалсыздандыру бірнеше кезеңмен жүргізіледі, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. 20 млн шаршы метрден астам аумақ залалсыздандырылды. Әлеуметтік нысандар, базарлар, сауда ойын-сауық орталықтары, блок бекеттер мен өзге де адам көп жиналатын орындарды дезинфекциялауға баса мән беріледі. Кварталаралық аумақтар, тұрғын үйлер, үй кіреберістері мен лифтілері, сондай-ақ, көшелер, магистральдар залалсыздандырылады. Елорда әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиевтің айтуынша, инфекция ағаштарда, жолдарда және тағы басқа жерлерде тұрып қалуы мүмкін. Қаланы дезинфекциялау жұмыстарына коммуналдық қызметтермен бірге Қорғаныс министрлігінің, ТЖД және мамандандырылған компаниялардың қызметкерлері де қатысып жатыр. Ондаған өрт сөндіру әрі арнайы техника жұмылдырылған. Залалсыздандыру жаяу да, арнайы машиналардың көмегімен шашу арқылы да жүргізіледі. Еске салсақ, 2020 жылдың 11 мамырынан бастап тұрғындарға әлеуметтік дистанция мен санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, саябақтар, алаңқайлар, скверлерге баруға рұқсат етілді. Осыған байланысты аталған аумақтарда дезинфекциялау жұмыстары күшейтілді. «Қазір адамдар серуендеуге шығып жатқандықтан біз балалар алаңы, орындықтар, қоқыс жәшіктерін залалсыздандырудамыз. Адамдарды қорғау - біздің жұмысымыз», - деді «Астана дезинфекция» ЖШС энтомолог маманы Айман Исина.

-->