Нұрлан Әбдіров Сенат депутаты болып тағайындалды
Мемлекет Басшысының Жарлығымен Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды. Бұл туралы Елорда Инфо Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров 1961 жылы 12 қаңтарда Қарағанды облысы Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында туған. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген. Заң ғылымдарының докторы, профессор. 1982-1984 жылдары КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің оқытушысы болып жұмыс істеген. 1984-1987 жылдары КСРО ІІМ Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының адъюнкті; 1987-1997 жылдары ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің оқытушысы, аға оқытушысы, доцент, қылмыстық құқық және криминология кафедрасы бастығының орынбасары; 1997-2000 жылдары Есірткіні бақылау жөніндегі ҚР Мемлекеттік комиссиясының хатшысы; 2000-2001 жылдары ҚР Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары; 2001-2002 жылдары ҚР Әділет министрлігі Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті төрағасының орынбасары; 2002-2005 жылдары ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының сектор меңгерушісі, мемлекеттік инспектор, Қоғамдық және экологиялық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары; 2005-2009 жылдары ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары - ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының меңгерушісі; 2009-2011 жылдары төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты; 2012 жылғы 20 қаңтардан бастап - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты; 2016 жылғы 25 наурыздан бастап - алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама жөне сот-құқықтық реформа комитетінің Төрағасы қызметтерін атқарды. «Құрмет» және «Парасат» орденімен, «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» медалімен наградталған. Отбасылы, екі баласы бар.
-->Мемлекет Басшысының Жарлығымен Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды. Бұл туралы Елорда Инфо Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров 1961 жылы 12 қаңтарда Қарағанды облысы Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында туған. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген. Заң ғылымдарының докторы, профессор. 1982-1984 жылдары КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің оқытушысы болып жұмыс істеген. 1984-1987 жылдары КСРО ІІМ Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының адъюнкті; 1987-1997 жылдары ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің оқытушысы, аға оқытушысы, доцент, қылмыстық құқық және криминология кафедрасы бастығының орынбасары; 1997-2000 жылдары Есірткіні бақылау жөніндегі ҚР Мемлекеттік комиссиясының хатшысы; 2000-2001 жылдары ҚР Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары; 2001-2002 жылдары ҚР Әділет министрлігі Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті төрағасының орынбасары; 2002-2005 жылдары ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының сектор меңгерушісі, мемлекеттік инспектор, Қоғамдық және экологиялық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары; 2005-2009 жылдары ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары - ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының меңгерушісі; 2009-2011 жылдары төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты; 2012 жылғы 20 қаңтардан бастап - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты; 2016 жылғы 25 наурыздан бастап - алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама жөне сот-құқықтық реформа комитетінің Төрағасы қызметтерін атқарды. «Құрмет» және «Парасат» орденімен, «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» медалімен наградталған. Отбасылы, екі баласы бар.