US Open: Қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды
31 тамыз күні теннистен «Үлкен Дулыға» қатарындағы ірі турнирлердің бірі - US Open додасы басталады, деп хабарлайды Елорда Инфо Olympic.kz-ке сілтеме жасап. Аталған сында Қазақстан сапынан Александр Бублик пен Михаил Кукушкин сынға түседі. Александр Бублитің алғашқы айналымдағы қарсыласы - ұлыбританиялық Кайл Эдмунд. Ол АТР рейтингінде 44-орында келеді. Михаил Кукушкин бірінші кезеңде венгриялық Атилла Балажға қарсы ойнайды. Атилла тамыз айындағы рейтингте 76-сатыға жайғасқан. Айта кетелік, коронавирус індетіне байланысты биылғы US Open турниріне әлем үздіктерінің біразы қатыспайды.
-->31 тамыз күні теннистен «Үлкен Дулыға» қатарындағы ірі турнирлердің бірі - US Open додасы басталады, деп хабарлайды Елорда Инфо Olympic.kz-ке сілтеме жасап. Аталған сында Қазақстан сапынан Александр Бублик пен Михаил Кукушкин сынға түседі. Александр Бублитің алғашқы айналымдағы қарсыласы - ұлыбританиялық Кайл Эдмунд. Ол АТР рейтингінде 44-орында келеді. Михаил Кукушкин бірінші кезеңде венгриялық Атилла Балажға қарсы ойнайды. Атилла тамыз айындағы рейтингте 76-сатыға жайғасқан. Айта кетелік, коронавирус індетіне байланысты биылғы US Open турниріне әлем үздіктерінің біразы қатыспайды.