Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне жаңа басшы тағайындалды
«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ Директорлар Кеңесімен «Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы лауазымына Айтуғанов Қайрат Қапарұлы тағайындалды, деп хабарлайды Елорда Инфо білім ордасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айтуғанов Қайрат Қапарұлы 1984 жылы Целиноград ауыл шаруашылық институтын үздік тәмамдап, агроном ғалым біліктілігін алды. 2000 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын «инженер - экономист» біліктілігі бойынша бітірген. 1990 жылы Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы экономикасы ғылыми-зерттеу институтының күндізгі аспирантурасын бітірді Экономика ғылымдарының докторы. Еңбек жолын 1984 жылы топырақтану кафедрасының ассистенті қызметінен бастады. 1985-1986 жылдары КСРО Қарулы Күштері қатарында қызмет етті. Әскери атағы-аға лейтенант.1987-1989 жылдар аралығында агроном, аға агроном-тұқым өсіруші, кеңшардың бас экономисі болып жұмыс істеді. 1990 жылдан 1992 жылдың қыркүйегіне дейін Қызылту аудандық агроөнеркәсіп бірлестігі төрағасының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары және Көкшетау облысы аудандық әкімшілігінің аудандық жоспарының төрағасы қызметтерін атқарды. 1992 жылдың қыркүйегінен 1996 жылдың қазанына дейін коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерді атқарды. 1996-2005 жылдары Көкшетау облысы әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі, Солтүстік Қазақстан облыстық экономика басқармасы бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің бөлім бастығы, Астана қаласындағы "Ақмола Электржелілік Тарату Компаниясы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. 2005-2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының басшысы, Халықаралық Қайта Құру және даму банкінің (Дүниежүзілік банк) "Ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейінгі қолдау" жобасын басқарды. 2007 жылдың желтоқсаны мен 2011 жылдың шілдесі аралығында Шымкент қаласындағы "Оңтүстік "ӘКК "ұлттық компаниясы" АҚ қаржы директоры, орынбасары, бірінші орынбасары, Басқарма төрағасы лауазымдарында жұмыс істеді. 2012 жылдың шілдесінен 2016 жылдың шілдесіне дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, "ҚазАгро "Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. 2016 жылдың шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі болып жұмыс істеді. 2018 жылдан бастап С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің басқарма орынбасары қызметін атқарды. 2020 жылдың 27 тамызынан - "С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" КЕАҚ Басқарма Төрағасы. "Құрмет" орденімен және 5 медальмен марапатталған.
-->«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ Директорлар Кеңесімен «Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы лауазымына Айтуғанов Қайрат Қапарұлы тағайындалды, деп хабарлайды Елорда Инфо білім ордасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айтуғанов Қайрат Қапарұлы 1984 жылы Целиноград ауыл шаруашылық институтын үздік тәмамдап, агроном ғалым біліктілігін алды. 2000 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын «инженер - экономист» біліктілігі бойынша бітірген. 1990 жылы Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы экономикасы ғылыми-зерттеу институтының күндізгі аспирантурасын бітірді Экономика ғылымдарының докторы. Еңбек жолын 1984 жылы топырақтану кафедрасының ассистенті қызметінен бастады. 1985-1986 жылдары КСРО Қарулы Күштері қатарында қызмет етті. Әскери атағы-аға лейтенант.1987-1989 жылдар аралығында агроном, аға агроном-тұқым өсіруші, кеңшардың бас экономисі болып жұмыс істеді. 1990 жылдан 1992 жылдың қыркүйегіне дейін Қызылту аудандық агроөнеркәсіп бірлестігі төрағасының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары және Көкшетау облысы аудандық әкімшілігінің аудандық жоспарының төрағасы қызметтерін атқарды. 1992 жылдың қыркүйегінен 1996 жылдың қазанына дейін коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерді атқарды. 1996-2005 жылдары Көкшетау облысы әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі, Солтүстік Қазақстан облыстық экономика басқармасы бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің бөлім бастығы, Астана қаласындағы "Ақмола Электржелілік Тарату Компаниясы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. 2005-2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының басшысы, Халықаралық Қайта Құру және даму банкінің (Дүниежүзілік банк) "Ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейінгі қолдау" жобасын басқарды. 2007 жылдың желтоқсаны мен 2011 жылдың шілдесі аралығында Шымкент қаласындағы "Оңтүстік "ӘКК "ұлттық компаниясы" АҚ қаржы директоры, орынбасары, бірінші орынбасары, Басқарма төрағасы лауазымдарында жұмыс істеді. 2012 жылдың шілдесінен 2016 жылдың шілдесіне дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, "ҚазАгро "Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. 2016 жылдың шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі болып жұмыс істеді. 2018 жылдан бастап С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің басқарма орынбасары қызметін атқарды. 2020 жылдың 27 тамызынан - "С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" КЕАҚ Басқарма Төрағасы. "Құрмет" орденімен және 5 медальмен марапатталған.