Елорда жаңалықтары

Секцияларға қатысу үшін ПТР тесттің нәтижесін тапсыру керек пе

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова "Қазақстандықтарға спорттық секцияларға бару үшін ПТР тест тапсыру керек пе, жоқ па?" деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «ПТР – диагностикалық тест екенін бәрінің есіне салғым келеді, ол үшін белгілері болуы керек. Бүгінгі күні ол клиникалық немесе эпидемиологиялық белгілер бойынша жүргізіледі. Клиникалық көрсеткіштер адамның коронавирустық инфекцияны жоққа шығармайтын клиникалық көріністері болуы керек деп болжайды. Эпидемиологиялық – бұл коронавирустық инфекциямен ауыратын науқаспен байланысы расталған адамдар», - деді Есмағамебтова. Ол міндетті ПТР-тестілеу Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен ешқандай сала үшін, қызметкерлер үшін де, келушілер үшін де қарастырылмайтынын айрықша атап өтті. «Бүгін тесттің теріс нәтиже көрсетуі екі-үш күннен кейін де теріс болатынына кепілдік бермейді. Себебі, біз күнделікті қоғамдық көліктермен қатынаймыз, бөтен кісілермен сөйлесе береміз, белгілі бір орындарға баруды жалғастыра береміз. Сондықтан кез келген секцияларға бару үшін ПТР тесттің нәтижесін талап етудің еш негізі жоқ», - деп қорытындылады бас дәрігер.

-->