Елорда жаңалықтары

1 қыркүйек күні алғашқы қоңырау қалай өтеді – министр жауабы

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн брифингте биылғы алғашқы қоңырауды өткізудің форматы туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «1 қыркүйек күнгі алғашқы қоңырау биыл басқаша өтеді. Яғни мектепке баратын бастауыш сыныптарына басқа формат, қашықтан оқитын оқушыларға басқа формат ұсынылады. Мысалы, осы уақытқа дейін дәстүрлі оқыту кезінде барлық оқушылар мектепке жиналып, салтанатты шара өткізіліп, одан кейін әр сыныпқа сынып сағаттары өткізілетін еді. Биыл оқушылардың басым көпшілігі қашықтан білім алатындықтан, салтанатты шараны өткізудің қажеті жоқ. Мектепке баратын бастауыш сынып оқушыларына бірден сынып сағаттары өткізіледі. Ал қашықтан оқитын оқушыларға білім сағаты онлайн форматында өтеді», – деді министр.

-->