Кезекші сыныптар мен шалғай ауылдардағы оқу жүйесі қалай өтеді
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов кезекші сыныптар мен шалғай ауылдардағы шағын жинақты мектептерде санитарлық талаптар барынша сақталатынын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Кезекші сыныптар дәстүрлі форматта оқиды десек те бірнеше қатаң талап қойып отырмыз. Бізге ең бастысы қауіпсіздік мәселесі маңызды. Біріншіден, үзілістер әртүрлі уақытта болады. Сабақ басталуы да түрлі уақытқа жоспарланады. Екіншіден, сабақтың ұзақтығы 40 минутқа дейін созылады. Санитарлық талаптар қатаң сақталуы керек. Балалар бір кабинетте ғана оқитын болады. Бірнеше кабинетке барып оқу уақытша тоқтатылады. Сол сияқты күн сайын термометрия жүргізіледі. Жуу, желдету режимі бойынша тиісті шаралар қолданылатын болады. Сондықтан осындай шешім қабылданды», - дейді министр. Ол өз сөзінде дәстүрлі форматта оқитын шалғай ауылдардағы мектептерге де осындай қатаң талаптар қойылғанын айрықша атап өтті. «Мысалға, бір сыныпта бізде әдеттегідей 25-30 бала оқыса, ол сыныпты 15 баладан аспайтын топтарға бөлу керек деген шешім қабылдадық. Сондықтан осы шешімнің аясында жұмыс жүргізіледі», - дейді А.Аймағамбетов.
-->Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов кезекші сыныптар мен шалғай ауылдардағы шағын жинақты мектептерде санитарлық талаптар барынша сақталатынын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Кезекші сыныптар дәстүрлі форматта оқиды десек те бірнеше қатаң талап қойып отырмыз. Бізге ең бастысы қауіпсіздік мәселесі маңызды. Біріншіден, үзілістер әртүрлі уақытта болады. Сабақ басталуы да түрлі уақытқа жоспарланады. Екіншіден, сабақтың ұзақтығы 40 минутқа дейін созылады. Санитарлық талаптар қатаң сақталуы керек. Балалар бір кабинетте ғана оқитын болады. Бірнеше кабинетке барып оқу уақытша тоқтатылады. Сол сияқты күн сайын термометрия жүргізіледі. Жуу, желдету режимі бойынша тиісті шаралар қолданылатын болады. Сондықтан осындай шешім қабылданды», - дейді министр. Ол өз сөзінде дәстүрлі форматта оқитын шалғай ауылдардағы мектептерге де осындай қатаң талаптар қойылғанын айрықша атап өтті. «Мысалға, бір сыныпта бізде әдеттегідей 25-30 бала оқыса, ол сыныпты 15 баладан аспайтын топтарға бөлу керек деген шешім қабылдадық. Сондықтан осы шешімнің аясында жұмыс жүргізіледі», - дейді А.Аймағамбетов.