Елорда жаңалықтары

Мұғалімдердің қашықтан оқыту біліктіліктерін арттыратын курстар жүргізіліп жатыр – Аймағамбетов

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн брифингте мұғалімдердің қашықтан оқытуға арналған курстардан өткізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Қашықтан оқытуға ұстаздарымыз тез бейімделді. Десе де біз олардың қашықтан оқыту жөніндегі білімін одан әрі шыңдау үшін әртүрлі курстар ұйымдастырдық. Курстардың әрқайсысында қашықтан оқытуға қажетті барлық жұмыстар қамтылған. Осы уақытқа дейін 323 мың мұғалім бұл курстарды бітірді. Қалған мұғалімдер 1 қыркүйекке дейін оқытылатын болады. Онда ең алдымен ІТ сауаттылық, ІТ құзыреттілік бойынша тиісті мағлұматтар беріледі. Одан кейін киберсауаттылық бойынша ақпарат ұсынылады. Мысалы, «А синхронды оқыту, синхронды оқыту дегеніміз не? Олардың ерекшелігі қандай?» деген сұрақтарға жауап беретіндей тиісті деңгейдегі жұмыстар жүргізілуде», – деді ол.

-->