Жаңа оқу жылында 2,6 млн оқушы қашықтан оқиды – Аймағамбетов
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн баспасөз мәслихатында жаңа оқу жылына дайындық барысын таныстырып өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Бірнеше күннен кейін оқу жылы басталады. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Оқу жылы эпидемиологиялық жағдайға байланысты қашықтан оқыту форматында өтеді. Бұл туралы шілде айында өткен Үкімет отырысында баяндаған болатынбыз. Біз үшін ең маңыздысы оқушылар мен ұстаздардың қауіпсіздігі», - деді министр. Ол өз сөзінде оқу жылында екі ерекшелік бар екенін айрықша атап өтті. «Біріншісі, кезекші сыныптардың жұмысы. Бұл негізінен бастауыш (1-4) сыныптарға байланысты. Ата-аналардың өтініші болса кезекші сыныптар ұйымдастырылатын болады. Екінші ерекшелік – шалғай ауылдардағы шағын жинақталған мектептер. Егер осы ауылдарда эпидемиологиялық ахуал ойдағыдай болса, бұл мектептер дәстүрлі форматта сабағын жалғастыра береді. Тамыз айының соңында жеткен деректерге сәйкес, қазіргі уақытта оқушылардың 80 пайызы қашықтан оқитын болады. Бұл – 2,6 млн оқушы. Ал 15 пайызы кезекші сыныптарға барамыз деп ата-аналары өтініш білдіріп отыр. Бұл – 530 мың оқушы. Сол сияқты 5 пайызы, яғни 202 мың бала дәстүрлі форматта оқитын болады», - дейді А.Аймағамбетов.
-->Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн баспасөз мәслихатында жаңа оқу жылына дайындық барысын таныстырып өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Бірнеше күннен кейін оқу жылы басталады. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Оқу жылы эпидемиологиялық жағдайға байланысты қашықтан оқыту форматында өтеді. Бұл туралы шілде айында өткен Үкімет отырысында баяндаған болатынбыз. Біз үшін ең маңыздысы оқушылар мен ұстаздардың қауіпсіздігі», - деді министр. Ол өз сөзінде оқу жылында екі ерекшелік бар екенін айрықша атап өтті. «Біріншісі, кезекші сыныптардың жұмысы. Бұл негізінен бастауыш (1-4) сыныптарға байланысты. Ата-аналардың өтініші болса кезекші сыныптар ұйымдастырылатын болады. Екінші ерекшелік – шалғай ауылдардағы шағын жинақталған мектептер. Егер осы ауылдарда эпидемиологиялық ахуал ойдағыдай болса, бұл мектептер дәстүрлі форматта сабағын жалғастыра береді. Тамыз айының соңында жеткен деректерге сәйкес, қазіргі уақытта оқушылардың 80 пайызы қашықтан оқитын болады. Бұл – 2,6 млн оқушы. Ал 15 пайызы кезекші сыныптарға барамыз деп ата-аналары өтініш білдіріп отыр. Бұл – 530 мың оқушы. Сол сияқты 5 пайызы, яғни 202 мың бала дәстүрлі форматта оқитын болады», - дейді А.Аймағамбетов.