Италияда қазақстандықтар отырған кеме отқа оранды
![](https://elorda.info/wp-content/uploads/2020/08/%D0%BA%D0%B5%D0%BC%D0%B5-2.jpg)
Италияда отқа оранып, кейін суға батып кеткен шағын кемедегі жолаушылардың ішінде қазақстандық туристер де болған, деп хабарлайды Елорда Инфо Euronews-ке сілтеме жасап. Lady MM кемесі Капри аралынан Сардиния аралына бара жатқан жолда өртенген. Оның өртеніп, кейін суға батып бара жатқан сәтін жағалау күзеті видеоға түсіріп алған. Апат кезінде бортта 17 адам болған. Оның сегізі – қазақстандық турист, ал қалған 9-ы – экипаж мүшесі. Олар шағын қайыққа отырып, қауіпсіз жерге шыққан. Сол жерден жағалау күзеті құтқарып алған. Өртті екі катер және тікұшақ сөндіріпті. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз.
-->![](https://elorda.info/wp-content/uploads/2020/08/%D0%BA%D0%B5%D0%BC%D0%B5-2.jpg)