«Бозоқ» музей-қорығында «Сірге жияр» этнографиялық практикумы өтті
Бозоқ қалашығын туризм нысаны ретінде танымал ету мақсатында Алтын Орданың 750 жылдығына және Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Сірге жияр» этнографиялық практикумы өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР МСМ ресми сайтына сілтеме жасап.
Этнографиялық музей практикумында «Бозоқ» археологиялық ескерткіші бойынша шолу экскурсиясы жүргізіліп, «Сірге жияр» рәсімі көрсетілді.
[caption id="attachment_33016" align="alignnone" width="696"] Фото авторы: Бекен Жапаров[/caption]
Практикумға профессор, т.ғ.д. Ж.Артықбаев, т.ғ.к. М.Хабдулина сынды белгілі ғалымдар мен «At-travel» ат клубының қатысушылары, жылқы шаруашылығының мамандары, Ақмола облысы Целиноград ауданы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өкілдері қатысты.
[caption id="attachment_33017" align="alignnone" width="696"] Фото авторы: Бекен Жапаров[/caption]
"Дәстүрлі түрде қазақ халқы материалдық емес мәдени мұра мерекесі – "Сірге жияр қымызы" немесе "Сірге мөлдіретер" деп атап өткен. Күзді күні бие ағытарда соңғы қымыз бірнеше күн жиналады. Салт бойынша туған-туыстар шақырылып, сүр асылып, сірге жияр қымыз бөліп ішіледі, бұл жылқы шаруашылығы рәсімдерінде жаңа циклдің басталуын көрсеткен. Сарыарқаның жылқы шаруашылығы мерекелері Ұлы даланың мәдени кодын сақтап қалды. Тарихи анықталған мәдени код – бес мың жылдан астам уақыт бойы қалыптасқан материалдық емес мәдени мұраның квинтэссенциясы өз халқының тарихы мен мәдениетіне қосылуға мүмкіндік беретін үлкен рухани әлеуетке, құндылық негіздеріне ие. Бұл мұраны сақтау-біздің ұрпағымыздың алдындағы парызымыз, міндетіміз", – делінген ақпаратта.
Айта кетсек, «Бозоқ ежелгі қалашығының археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері негізінде ашық аспан астында ұлттық парк құру» жобасы аясында ежелгі Бозоқ қалашығын қайта жаңарту және энеолит дәуірінен бастап этнографиялық қазіргі заманға дейінгі Қазақстанның тарихи кешендерін қайта жаңғырту көзделіп отыр.
[caption id="attachment_33019" align="alignnone" width="696"] Фото авторы: Бекен Жапаров[/caption]
[caption id="attachment_33020" align="alignnone" width="696"]
Фото авторы: Бекен Жапаров[/caption]