«Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының ашылғанына 1 жыл толды
Қазақстанда алғаш болып ашылған «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының ашылғанына тура 1 жыл толды. Орталық бүгінге дейін қала тұрғындарына «бір терезе» қағидаты бойынша 70-тен астам мемлекеттік қызмет түрін көрсетіп келеді. Бүгінге дейін қандай көмек түрі жиі көрсетілді? Орталықтың тәжірибесі қай өңірлерге енгізілді? Елорда Инфо тілшісі осы сауалдарға аздаған шолу жасап көрмек.
Орталықтың ашылуы өткен жылдың дәл осы күні, яғни 26 тамыз күні өткен. Оның ашылуына сол тұстағы вице-премьер Бердібек Сапарбаев пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қатысқан болатын.
Орталық қандай қызмет түрлерін көрсетеді
Орталықтың «Open space» алаңы барлық қажетті қызметтерді біріктіреді. Атап айтқанда, астаналық тұрғындарға жұмыс табу, жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар бойынша нақты және толық ақпарат алу мүмкіндігі беріледі.
Сондай-ақ, қоғамдық денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй алу мәселелері, бизнесті ашу және мемлекеттік қолдау алу, жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша қадамдық және жүйелі кеңес немесе көмек көрсетеді. Орталықта 12 мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор жұмыс істейді, олар қала тұрғындарына 70-тен астам қызмет көрсетеді.
Атап айтқанда, орталық мамандары қала тұрғындарына АӘК алу, кәсіптік оқудан өту, жұмысқа орналастыру, жаппай оқыту бағдарламасына қатысу, балабақшаға кезекке тұру, қамқоршылықты орнату, жәрдемақылардың барлық түрін және т.б. алу мәселелері бойынша қызмет көрсететін болады.
Мұнда «Кәсіпкер ана» деп аталатын аналарға арналған, олардың бизнесін дамыту жөніндегі қолдау орталығы да орналасқан. Оның мамандары көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға өз кәсібін ашуға жан-жақты көмек көрсететін болады.
Осы жұмыс аясында мұнда өзінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісетін табысты «Self made» әйелдерімен мотивациялық бизнес тренингтер өтеді.
Сонымен қатар, орталықта қала әкімінің ашық қоғамдық қабылдауы жұмыс істейді, сондай-ақ азаматтарды қабылдауды аудан әкімдері, басқармалар мен басқа да ұйымдардың басшылары бекітілген кестеге сәйкес жүргізетін болады.
«Жанұя» орталығы дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.
Орталық директоры Әйгерім Тәңірбергенованың айтуынша, 3 ай ішінде орталыққа 6,3 мың адам жүгінген.
«Орталықтың басты мақсаты отбасыларға психологиялық, әлеуметтік және заңгерлік көмек көрсету болып саналады. Бізде 60 қызметкер жұмыс істейді. Ашылған күннен бастап, 3 ай ішінде біздің орталыққа 6,3 мың адам жүгінді, 13 мың мәселе қаралды. Оның 3 мыңы шешілген. Бұл мәселелер: жұмысқа орналастыру, АӘК тағайындау, заңгерлік, психологиялық көмек көрсету», - деді ол.
«Жанұя» тәжірибесі өзге өңірлерге де енгізіледі
Елімізде алғашқы боп ашылған мұндай жобаға сұраныс артуы нәтижесінде өзге өңірлерден арнайы делегациялар келіп, орталықтың тәжірибесін енгізуге ниет білдірді.
«Нұр-Сұлтан қаласының «Жанұя» институтын қолдау орталығын құрудағы тәжірибесімен таныстық. Бұл орталық өте функционалды, халыққа қажет қызмет түрлері көрсетіледі. Мұнда өзекті мәселелер көтеріледі, тұрғындарға кеңес беріледі. Менің ойымша, мұндай орталықтарды басқа аймақтарда да құру қажет. Өйткені қазір АӘК алушылар көп, оларда көптеген сұрақтар туындайды. Мұндай орталықтардың көмегімен өтініш білдіргендердің сұрақтарына қажетті кеңестер мен нақты жауаптар бере отырып, әлеуметтік шиеленісті шеше аламыз. Бізде әрбір облыстық, аудандық жұмыспен қамту орталығында кеңес беріледі, бірақ онда «Жанұя» орталығына қарағанда көрсетілетін қызмет саны аз», - деген болатын Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов.
«Жанұя» орталығының жұмысымен таныстырған елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен әріптестеріне экскурсия жүргізіп, негізгі міндет барлық өңірлерде отбасы институтын дамытуды барынша қамтамасыз ету екенін айрықша атап өткен.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сəйкес біз аймақтардағы әріптестеріміз үшін «Жанұя» институтын қолдау орталығы бойынша экскурсия өткіздік. Бұл экскурсия әріптестерімізді біздің орталықпен таныстыру және тәжірибе алмасу үшін жүргізілді. Бүгінгі таңда барлық өңірлерде отбасы институтын дамытуды барынша қамтамасыз ету міндеті тұр және «Жанұя» тәжірибесін барлық өңірлерде тарату керек. Менің әріптестерім осы тәжірибені тарату уақытын енгіздi», - деп атап өтті ол.
Орталық бірқатар өңірде ашылды
Нұр-Сұлтан қаласында ашылған «Жанұя» отбасын қолдау орталығының нұсқасы көп ұзамай өзге өңірлерде де ашыла бастады. Мәселен, Таразда «Бақытты отбасы» деген атаумен есігін айқара ашты. Облыста қазіргі уақытта 32,6 мың көпбалалы, 15 мыңға жуық атаулы әлеуметтік көмекке зәру отбасылар, 45,9 мың мүгедек жандар бар.
Ал Орал қаласында «Отбасы» орталығы ашылды. Міндеті әдеттегідей, тұрғындардың өз кәсібін ашуына жол көрсету, отбасындағы мәселелердің шешілуіне қолдау көрсету, мемлекеттік бағдарламалардың тетіктері туралы кеңес беру – орталықтың басты міндеттерінің бірі саналады.
«Еңбек еткен адамның болашақта зор мүмкіндіктерге ие болатыны анық. Бұл орталықтың ашылуы көптен жоспарымызда болған. Ең бастысы жұртшылық үшін қолайлы орын табуды көздедік. Міне, қаланың орталығында және балалар шығармашылығы орталығы жанынан арнайы ғимарат алып, жөндеуден өткізіп, келушілер үшін ыңғайлы, жайлы орын ұйымдастырдық», – деген Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков.
Елордалықтар қандай мәселе бойынша жиі жүгінеді
Орталық ашылған алғашқы үш айда қала тұрғындары мынадай мәселелер бойынша жиі жүгінген екен.
Нұр-Сұлтан қаласы «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы ашылғаннан бері 22 801 адам 41 659 сұрақ бойынша жүгінді:
* атаулы әлеуметтік көмек – 22 477;
* ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы – 498;
* мемлекеттік жәрдемақы 42500 тг – 6 110;
* тұрғын үй - 3 005;
* несиелік борышты жабу – 553 ;
* құқықтық көмек –1 207:
* табысты есептеу бойынша анықтама – 475;
* жұмысқа орналасу – 1 329;
* білім – 904;
* бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры қызметтері (БЖЗҚ) – 844;
* бизнес – 1 680;
* қысқа мерзімді курстар – 223;
* Қазпошта қызметтері – 89;
* денсаулық сақтау – 388;
* «Кәсіпкер ана» жобасы – 802;
* психологиялық көмек – 233;
* Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметтері (ХҚО) – 127;
* Әлеуметтік қызметтер порталы – 629;
* ЭСҚ беру – 83;
* мүгедектік – 3.