Салықтар бойынша негізгі қарызын өтеген азаматтардың өсімпұлы есептен шығарылады
Мемлекеттік кірістер комитеті 250 млн.теңгеден асатын сомаға жер, көлік және мүлік салығы бойынша жинақталған қарыздар бойынша өсімпұлды есептен шығаруға мүмкіндігі бар 100 қазақстандық тізімін жариялады. Бұл туралы Елорда Инфо ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Олардың салық бойынша жалпы қарызы қазіргі уақытта 263 845 620 теңгені құрап отыр. Бұл соманың ішіндегі негізгі қарыз үлесі – 166 150 674 теңге. 97 694 946 теңге – есептелген өсімпұлдар. Борышкерлердің толық тізімін МКК сайтында немесе келесі сілтеме бойынша көруге болады http://kgd.gov.kz/ru/news/informaciya-po-zadolzhennosti-po-mestnym-nalogam-1-70961 Еске сала кетейік, салықтық рақымшылық 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Салық бойынша негізгі қарызын өтеген азаматтардың жинақталған өсімпұлдары есептен шығарылады. Өсімпұлды есептен шығару үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Борыштың негізгі сомасын төлеу жеткілікті. Өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылады. Мемлекеттік кірістер органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінде өсімпұлды есептен шығару жөніндегі комиссиялар құрылды. Сондай-ақ, 2020 жылдың 1 сәуірінен кейін өткен салық кезеңдері үшін негізгі қарыз сомасы мен өсімпұлды төлеген азаматтар қаражатты аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына өтініш беру арқылы қайтарып ала алады немесе болашақ төлемдер есебіне қалдыру мүмкіндігі қарастырылған. Салықтық берешегінің бар-жоғы туралы мәліметті ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтындағы http://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web сілтемесі арқылы немесе «eSalyq mobile» (AppStore, PlayMarket) мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады. Мемлекеттік кірістер комитеті алдағы уақытта да жауапсыз салық төлеушілер тізімін жариялауды жалғастыратын болады.
-->Мемлекеттік кірістер комитеті 250 млн.теңгеден асатын сомаға жер, көлік және мүлік салығы бойынша жинақталған қарыздар бойынша өсімпұлды есептен шығаруға мүмкіндігі бар 100 қазақстандық тізімін жариялады. Бұл туралы Елорда Инфо ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Олардың салық бойынша жалпы қарызы қазіргі уақытта 263 845 620 теңгені құрап отыр. Бұл соманың ішіндегі негізгі қарыз үлесі – 166 150 674 теңге. 97 694 946 теңге – есептелген өсімпұлдар. Борышкерлердің толық тізімін МКК сайтында немесе келесі сілтеме бойынша көруге болады http://kgd.gov.kz/ru/news/informaciya-po-zadolzhennosti-po-mestnym-nalogam-1-70961 Еске сала кетейік, салықтық рақымшылық 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Салық бойынша негізгі қарызын өтеген азаматтардың жинақталған өсімпұлдары есептен шығарылады. Өсімпұлды есептен шығару үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Борыштың негізгі сомасын төлеу жеткілікті. Өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылады. Мемлекеттік кірістер органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінде өсімпұлды есептен шығару жөніндегі комиссиялар құрылды. Сондай-ақ, 2020 жылдың 1 сәуірінен кейін өткен салық кезеңдері үшін негізгі қарыз сомасы мен өсімпұлды төлеген азаматтар қаражатты аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына өтініш беру арқылы қайтарып ала алады немесе болашақ төлемдер есебіне қалдыру мүмкіндігі қарастырылған. Салықтық берешегінің бар-жоғы туралы мәліметті ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтындағы http://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web сілтемесі арқылы немесе «eSalyq mobile» (AppStore, PlayMarket) мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады. Мемлекеттік кірістер комитеті алдағы уақытта да жауапсыз салық төлеушілер тізімін жариялауды жалғастыратын болады.