Қазақстандық делегация «AРМИЯ-2020» Халықаралық әскери-техникалық форумының ашылуына қатысты
Қазақстандық делегация «AРМИЯ-2020» Халықаралық әскери-техникалық форумының ашылуына қатысты. Бұл туралы Елорда Инфо ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Форумда Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіптік кешенінің кәсіпорындары бірыңғай ұлттық павильонды ұсынды. Павильон стендтерінде «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясының құрамына кіретін бірқатар қазақстандық компаниялардың қару-жарақ пен әскери техниканың үлгілері қойылған: «СМ. Киров атындағы зауыт», «С.М. Киров атындағы Машина жасау зауыты», «Тыныс» АҚ, «Қазақстандық авиациялық индустриясы» ЖШС, «Семей инжиниринг» АҚ, «Семей машина жасау зауыты» АҚ, сонымен қатар жеке кәсіпорындар: «№ 405 авиа жөндеу зауыты» АҚ, «СКТБ Гранит» ЖШС және «Қайнар-АКБ» ЖШС. Аталған іс-шара барысында қазақстандық тарап қару-жарақтың импорты мен экспорты және оны жинау, күрделі жөндеу және қызмет көрсету құзыретін беру туралы бірқатар келісімдерге, келісімшарттарға, келісімдерге қол қоюды жоспарлап отыр.
-->Қазақстандық делегация «AРМИЯ-2020» Халықаралық әскери-техникалық форумының ашылуына қатысты. Бұл туралы Елорда Инфо ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Форумда Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіптік кешенінің кәсіпорындары бірыңғай ұлттық павильонды ұсынды. Павильон стендтерінде «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясының құрамына кіретін бірқатар қазақстандық компаниялардың қару-жарақ пен әскери техниканың үлгілері қойылған: «СМ. Киров атындағы зауыт», «С.М. Киров атындағы Машина жасау зауыты», «Тыныс» АҚ, «Қазақстандық авиациялық индустриясы» ЖШС, «Семей инжиниринг» АҚ, «Семей машина жасау зауыты» АҚ, сонымен қатар жеке кәсіпорындар: «№ 405 авиа жөндеу зауыты» АҚ, «СКТБ Гранит» ЖШС және «Қайнар-АКБ» ЖШС. Аталған іс-шара барысында қазақстандық тарап қару-жарақтың импорты мен экспорты және оны жинау, күрделі жөндеу және қызмет көрсету құзыретін беру туралы бірқатар келісімдерге, келісімшарттарға, келісімдерге қол қоюды жоспарлап отыр.