Елорда жаңалықтары

Назарбаев Университеті Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысының медицина қызметкерлеріне 2 мыңға жуық қорғаныс киімін ұсынды 

Нұр-Сұлтан қаласы және Қарағанды облысының медицина қызметкерлеріне арналған 1 875 жеке қорғаныс костюмін Назарбаев Университеті ұсынды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Демеушілік көмекті ЖОО-ның еншілес ұйымы – Назарбаев Университетінің "Әлеуметтік даму қоры" көрсетті.

Қорғаныс костюмдерінің жиынтығына бас киім, жоғары аяқ киім, медициналық қолғап, FFP2/N95 респираторы және қауіпсіздік көзілдірігі кіреді.

Демеушілік көмек Назарбаев Университеті қоғамдастығының ынтымақтастық бастамасы – НУ қызметкерлерінің, оқытушылары мен түлектерінің қолдауымен пандемиямен күресуге көмек көрсету үшін құрылған жоба шеңберінде көрсетілді.

Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі түлектерінің қауымдастығы бұл қолдаудың операторы болып табылады. Бастамаға қатысушылар медицина қызметкерлері мен олардың отбасыларын қолдау үшін қаражат жинайды, олар кейіннен еліміздің өңірлеріндегі медициналық мекемелерге көмек көрсету үшін бөлінеді.

"COVID-19-бен күресушілерді жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ете отырып, біз медицина қызметкерлеріне алдыңғы қатарлы, яғни дәрігерлерге, медбикелерге, техперсоналға олардың игі еңбектері үшін алғыс ретінде қолдау көрсетуге тырысамыз. Осы жылдың мамыр айынан бастап Назарбаев Университеті қоғамдастығының ынтымақтастық бастамасы шеңберінде ауруханалар үшін жеке қорғану құралдарын ұсыну Қызылорда, Шымкент, Тараз, Түркістан, Қарағанды, Павлодар және Нұр-Сұлтан қалаларында медициналық қызметкерлердің отбасыларына тамақпен қамтамасыз ету және қолдау көрсету түрінде көмек көрсетілді. Біз бұл жұмысты әрі қарай да осындай көмек қажет болғанша жалғастырамыз", - деп атап өтті НУ Жоғары бизнес мектебі түлектері қауымдастығының атқарушы директоры Әсел Аймушева.

Пандемия кезінде дәрігерлерге еріктілер ретінде белсенді көмектескен, "Дәрігерлерге арналған түскі ас" жобасы аясында медицина қызметкерлерін тамақпен қамтамасыз етіп және Қазақстан мен ТМД дәрігерлеріне ақпараттық қолдау көрсететін, Medsupportkz жобасы аясында ағылшын тілінен коронавирус туралы зерттелген және аударылған ғылыми мақалаларды жариялайтын университет студенттері мен түлектері де шетте қалмады.

-->