1 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялайды
2020 жылдың 1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы 2020 жылдың 1 қыркүйек күні өтетін Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жарияланады деп жоспарланып отыр. Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтады. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады», - делінген Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің facebook желісіндегі парақшасында.
-->2020 жылдың 1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы 2020 жылдың 1 қыркүйек күні өтетін Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жарияланады деп жоспарланып отыр. Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтады. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады», - делінген Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің facebook желісіндегі парақшасында.