Елорда жаңалықтары

Үкімет 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын қарады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанның 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, «ҚР Ұлттық қорынан 2021-2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы», «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңдарының жобалары, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы» ҚР Президенті Жарлығының жобасы қаралды, деп хабарлайды Елорда Инфо. Ұлттық экономика министрі Р.Дәленов, Ұлттық банк төрағасы Е.Досаев, қаржы министрі Е.Жамаубаев баяндама жасады. Fitch рейтингтік агенттігінің биылғы тамыздағы деректеріне сәйкес Қазақстанның инвестициялық сенімділігі ВВВ – тұрақты. Бұл — дағдарысқа қарсы шараларды уақытында қабылдап, құрылымдық реформаларды табысты жүргізудің нәтижесі. Сондай-ақ ел экономикасының тұрақтылығын, мемлекеттік қарыздың төмендігін, Ұлттық банк жүргізетін ақша-несие саясатының тиімділігін және фискалдық резервтердің едәуір көлемін көрсетеді. Бұған дейін Fitch агенттігі елдердің 60%-дан астамының, оның ішінде АҚШ, Канада, Жапония, Ұлыбритания, Франция, Италия және т.б. елдердің кредиттік рейтингтері мен болжамдарын теріс бағытта қарастырды. Қазақстанның 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес, болжанатын кезеңге ЖІӨ-нің орташа жылдық өсу қарқыны 4%-ды құрайды. Атаулы ЖІӨ 2021 жылы 76,7 трлн теңгеден 2025 жылы 104,8 трлн теңгеге дейін өседі. Ұлттық банк жылдық инфляцияның нысаналы дәлізін 2021 жылы 4-6% шегінде сақтап, кейіннен 2025 жылы 3-5%-ға дейін төмендетуді болжайды. 2021 жылға арналған республикалық бюджетте шығыстардың жаңа бастамалары көзделген, оның ішінде жалақыны арттыру арқылы педагог пен медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру, МӘМС-ке мемлекет жарналары, орта білім беру ұйымдарында жан басына қаржыландыру, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, жергілікті маңызы бар жолдарды дамыту, газдандыру, жастар мен көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бар. «Қазір экономика салаларын қолдау жөніндегі жоспарланған шараларды сапалы іске асыруымыз керек, үйлесімді әрі жедел шешімдер қабылдауымыз қажет. Қазіргі жағдайды ескере отырып, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін ел бюджетінің жобасы қалыптастырылды. Онда қарастырылған қаражат мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін толық көлемде орындауға мүмкіндік береді», — деді А.Мамин.  Үкімет басшысы Парламентке аталған заң жобалары мен әлеуметтік-экономикалық даму болжамын белгіленген мерзімде енгізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

-->