Елорда жаңалықтары

КВИ: Бұдан былай емдеу хаттамасы 3 топқа бөлінеді

"Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы" АҚ  төрайымы Риза онлайн брифингте КВИ жұқтырған науқастарды емдеуге арналған хаттаманың жаңартылғаны туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды емдеудің хаттамасы жаңартылып жатыр. Бұдан былай ол 3 түрге бөлінеді. Яғни, ересектер мен балаларға және аяғы ауыр әйелдерге көрсетілетін ем-шаралардың хаттамасы әртүрлі болады. Бұған дейінгі хаттама жоққа шығарылмайды. Дегенмен емдеу шарасының аясы кеңейеді. Бұл өзгеріс жүйеге енгізіліп жатыр», – деді ол. 

-->