Көру қабілеті төмен балаларға арналған балабақшаның құрылысы биыл аяқталады
Нұр-Сұлтанда көру қабілеті төмен балаларға арналған балабақшаның құрылысы биыл аяқталады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Көру қабілеті төмен балаларға арналған балабақшаның құрылысын биыл аяқтаймыз. Мекеме Сарыарқа ауданында орналасқан (Колхозная және Бигелдинов көшелерінің қиылысы). 100 орынға есептелген. Жаңа балабақшаға зағип және көру қабілеті төмен балалар барады. Қазір елордада мұндай 2 балабақша бар», - деп жазды А.Көлгінов. Сонымен бірге биыл 12 мектеп салынып, пайдалануға беріледі. 2021 жылы тағы 12 мектеп салынады.
-->Нұр-Сұлтанда көру қабілеті төмен балаларға арналған балабақшаның құрылысы биыл аяқталады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Көру қабілеті төмен балаларға арналған балабақшаның құрылысын биыл аяқтаймыз. Мекеме Сарыарқа ауданында орналасқан (Колхозная және Бигелдинов көшелерінің қиылысы). 100 орынға есептелген. Жаңа балабақшаға зағип және көру қабілеті төмен балалар барады. Қазір елордада мұндай 2 балабақша бар», - деп жазды А.Көлгінов. Сонымен бірге биыл 12 мектеп салынып, пайдалануға беріледі. 2021 жылы тағы 12 мектеп салынады.