Биыл елорданың үздік ұстаздарына «Нұр-Сұлтан қаласының құрметті педагогі» медалі беріледі
Елордалық үздік ұстаздарға «Нұр-Сұлтан қаласының құрметті педагогі» медалі беріледі, деп хабарлайды Елорда Инфо. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Тамыз кеңесі конференциясы пленарлық отырысында мәлімдеді. «Биыл елордалық үздік ұстаздарға Нұр-Сұлтан қаласының құрметті педагогі» медалі беріледі. Оған қосымша бір реттік 830 мың теңге сыйақысы төленеді, – деді қала басшысы. Сонымен қатар ол өткен жылдары ұстаздарға беріліп келген баспана алу үшін алғашқы жарнаға арналған 1 млн теңгелік сертификат беру үрдісі биыл да жалғасатынын атап өтті.
-->Елордалық үздік ұстаздарға «Нұр-Сұлтан қаласының құрметті педагогі» медалі беріледі, деп хабарлайды Елорда Инфо. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Тамыз кеңесі конференциясы пленарлық отырысында мәлімдеді. «Биыл елордалық үздік ұстаздарға Нұр-Сұлтан қаласының құрметті педагогі» медалі беріледі. Оған қосымша бір реттік 830 мың теңге сыйақысы төленеді, – деді қала басшысы. Сонымен қатар ол өткен жылдары ұстаздарға беріліп келген баспана алу үшін алғашқы жарнаға арналған 1 млн теңгелік сертификат беру үрдісі биыл да жалғасатынын атап өтті.