Қазақстанда карантиннен кейінгі алғашқы бокс кеші өтті
MTK Kazakhstan промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен карантиннен кейінгі алғашқы бокс кеші өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо Prosports.kz-ке сілтеме жасап. Кештің басты жекпе-жегінде әуесқой бокстан ұлттық құрама капитаны, әлем чемпионаты мен Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев Иса Ақбербаевпен (20-1, 15 КО) жұдырықтасты. Қоңқабаев кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізіп отырғанына қарамастан, аса тәжірибелі Ақбербаевты нокаутпен жеңді. Алғашқы ауыр салмақта (90,1 келі) өткен жекпе-жек 8 раундқа есептелген, бірақ екінші ранудта аяқталды. Бүйірден жасалған ауыр соққыдан кейін Иса жекпе-жекті жалғастыра алмады. Айта кетсек, Ақбербаев рингке өткен жылдың 2 қарашасында шыққан болатын. Жерлесіміз Екатеринбургте өткен бокс кешінде ресейлік Евгений Тищенкодан (7-0, 5 КО) жеңіліп қалған. Евгений Тищенко да қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс. Ол 2016 жылы Олимпиада ойындарының финалында Василий Левитті даулы жағдайда жеңген еді. Ал кештің негізгі жекпе-жегінде Parimatch букмекерлік кеңсесінің бренд елшісі Виктор Коточигов (11-0, 4 КО) беларусьтік боксшы Андрей Исаевпен (30-17, 9 КО) жұдырықтасты. Жекпе-жек үшінші раундта тоқтатылды. Исаев кездесуді жалғастырудан бас тартты. Осылайша, Виктор 12 жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жетті.
-->MTK Kazakhstan промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен карантиннен кейінгі алғашқы бокс кеші өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо Prosports.kz-ке сілтеме жасап. Кештің басты жекпе-жегінде әуесқой бокстан ұлттық құрама капитаны, әлем чемпионаты мен Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев Иса Ақбербаевпен (20-1, 15 КО) жұдырықтасты. Қоңқабаев кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізіп отырғанына қарамастан, аса тәжірибелі Ақбербаевты нокаутпен жеңді. Алғашқы ауыр салмақта (90,1 келі) өткен жекпе-жек 8 раундқа есептелген, бірақ екінші ранудта аяқталды. Бүйірден жасалған ауыр соққыдан кейін Иса жекпе-жекті жалғастыра алмады. Айта кетсек, Ақбербаев рингке өткен жылдың 2 қарашасында шыққан болатын. Жерлесіміз Екатеринбургте өткен бокс кешінде ресейлік Евгений Тищенкодан (7-0, 5 КО) жеңіліп қалған. Евгений Тищенко да қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс. Ол 2016 жылы Олимпиада ойындарының финалында Василий Левитті даулы жағдайда жеңген еді. Ал кештің негізгі жекпе-жегінде Parimatch букмекерлік кеңсесінің бренд елшісі Виктор Коточигов (11-0, 4 КО) беларусьтік боксшы Андрей Исаевпен (30-17, 9 КО) жұдырықтасты. Жекпе-жек үшінші раундта тоқтатылды. Исаев кездесуді жалғастырудан бас тартты. Осылайша, Виктор 12 жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жетті.