Елорда жаңалықтары

121 адам "Nur Otan" партиясының елордалық филиалында праймеризге қатысуға өтінім берді

Партияішілік іріктеудің алғашқы аптасында "Nur Otan" партиясының елордалық филиалында 121 тұрғын өтінім берді. Бұл туралы Елорда Инфо партияның елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Каналимовке сілтеме жасап хабарлайды. "Nur Otan" партиясының елордалық филиалында партияішілік іріктеудің алғашқы аптасында елорданың 121 тұрғыны өтінім берді, оның 33-і әйел, 43-і 36 жасқа дейінгі адам. Осы сағатта 106 үміткер тіркелді. Бүгін бастауыш партия ұйымдарынан үш үміткер праймеризге  қатысуға құжаттар тапсырды. Олардың барлығы тәжірибесі бар партиялықтар. "Эндохирургия клиникасы" БПҰ-нан Салтанат Дженалаева, "Рухани" БПҰ-нан Мәдина Әжікенова, Ұлықбек Әлиев "АзияЦентрСнаб" ЖШС БПҰ-нан ұсынылды. Қала тұрғындары үшін партия ішіндегі іріктеуге қатысуға құжаттарды қабылдау 2020 жылдың 17 тамызында басталып, 28 тамыз сағат 14.00-де аяқталады. "Nur Otan" партиясының елордалық филиалы Тәуелсіздік даңғылы 3, №3 кабинет мекенжайы бойынша праймериздерге қатысуға ниет білдірушілерден құжаттарды қабылдайды.

-->