Қазақстанда білім беру нысандары жылу беру маусымына қыркүйектің басында толықтай дайын болады
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жергілікті атқарушы органдардың алдағы жылу беру маусымына дайындық барысын қадағалап отыр, деп хабарлайды Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әкімдіктердің деректері бойынша қазіргі уақытта республика көлемінде жылыту маусымына дайындық шамамен 70% құрайды. 2020-2021 жылғы күзгі-қыс кезеңіне дайындық жоспарына сәйкес биылғы 1 қыркүйекке дейін елімізде білім беру объектілері 100% дайын болады. Барлық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй, денсаулық сақтау және әлеуметтік сала объектілері 2020 жылғы 15 қазанға дейін дайындалады. Жалпы алғанда, жылу беру маусымына дайындық жұмыстары тұрақты режимінде жүріп жатыр.
-->Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жергілікті атқарушы органдардың алдағы жылу беру маусымына дайындық барысын қадағалап отыр, деп хабарлайды Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әкімдіктердің деректері бойынша қазіргі уақытта республика көлемінде жылыту маусымына дайындық шамамен 70% құрайды. 2020-2021 жылғы күзгі-қыс кезеңіне дайындық жоспарына сәйкес биылғы 1 қыркүйекке дейін елімізде білім беру объектілері 100% дайын болады. Барлық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй, денсаулық сақтау және әлеуметтік сала объектілері 2020 жылғы 15 қазанға дейін дайындалады. Жалпы алғанда, жылу беру маусымына дайындық жұмыстары тұрақты режимінде жүріп жатыр.