СІМ: Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы ынтымақтастық талқыланды
Бүгін бейнеконференция форматында Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары Марат Сыздыков пен Зохир Саидзода деңгейінде СІМ-аралық консультациялар өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Келіссөздер барысында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, оның ішінде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Бұған дейін қол жеткізілген келісімдерді іске асырудың маңыздылығы атап өтілді. Алдағы уақытта өтетін жоғары деңгейдегі іс-шаралар аясында өңірлік және халықаралық күн тәртібі мәселелері жан-жақты қаралды. Тараптар екі мемлекеттің өңірлік және халықаралық ұйымдар шеңберінде өзара сындарлы іс-қимылын атап өтті.
-->Бүгін бейнеконференция форматында Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары Марат Сыздыков пен Зохир Саидзода деңгейінде СІМ-аралық консультациялар өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Келіссөздер барысында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, оның ішінде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Бұған дейін қол жеткізілген келісімдерді іске асырудың маңыздылығы атап өтілді. Алдағы уақытта өтетін жоғары деңгейдегі іс-шаралар аясында өңірлік және халықаралық күн тәртібі мәселелері жан-жақты қаралды. Тараптар екі мемлекеттің өңірлік және халықаралық ұйымдар шеңберінде өзара сындарлы іс-қимылын атап өтті.