Елорда жаңалықтары

Армениядан келген көліктерді тіркеу үшін қандай талаптар қойылады

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов Армениядан жеткізілген көліктерді тіркеу жұмысы қалай жүзеге асырылатынын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет Армениядан жеткізілген көліктерді тіркеу механизмі әзірленген болатын. 20 мамыр күні Үкімет қаулысы қабылданды. Оның негізінде тіркеу ережелері бекітілді. Тіркеу шарттары азаматтар үшін өте қолайлы. 1 маусымнан бастап көліктерді тіркеу жұмысы басталған болатын. Бүгінге дейін тіркелуі қажет 14 мың көліктің 11 мыңы тіркеуден өтті. Күн сайын 400-ден астам автомобиль тіркеуден өтеді», - деді Серік Түсіпов. Ол өз сөзінде армениялық нөмірі бар көліктерді тіркеу үшін қандай талаптар орындалуы керектігін түсіндіріп өтті. «Армениялық көліктерді тіркеу кезінде Үкімет қаулысында көрсетілгендей, бірқатар төлемдер жүргізудің еш қажеті жоқ. Автомобильді тіркеу үшін міндетті түрде регистрациялық жиын үшін төлем (бұл 12 мың теңгеден аз сома), техпаспорт пен мемлекеттік нөмір үшін дистанциялық жиын және баж төлемін (бұл да 12 мың теңгеден аз) жасау керек. Сол сияқты жеке куәлігі мен автокөлікке берілген нотариалды сенімхаты қажет. Бұдан бөлек, Арменияда берілген нөмір мен техпаспортты мерзімсіз сақтауға өткізуі керек», - дейді Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары. Ол сөз арасында тіркеу Халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚО) жүргізілетінін, орталық жұртшылыққа ыңғайлы болу үшін алдын ала кезексіз және демалыс күндері жұмыс істейтінін мәлім етті. «ХҚО-лардың архивінде Армения Республикасында берілген құжаттарды, көлік нөмірін мерзімсіз сақтау жұмысы жүзеге асырылады. Сақтау жұмысы мерзімсіз уақытқа дейін іске асырылады. Ал құжаттар мен көліктің нөмірлеріне иесі сұрау салған күні-ақ ала алады», - дейді комитет төрағасының орынбасары.

-->