А.Көлгінов: Биыл қолжетімді баспана аясында 8 мыңға жуық пәтер салынады
Биыл елордада қолжетімді баспана бойынша 8 мыңға жуық пәтер салынады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Елорда Инфо.
«Биыл қолжетімді баспана аясында 8 мыңға жуық пәтер саламыз. Бүгін Р.Қошқарбаев даңғылы мен Айнакөл (№23-17) және Р.Қошқарбаев пен А 104 қиылысында орналасқан бірқатар әлеуметтік тұрғын үйлердің құрылыс барысымен таныстым», - деп жазды А.Көлгінов.
Әлеуметтік пәтерлердің жалпы ауданы – 500 мың шаршы метр.
«Пәтерлер кезекте тұрған аз қамтылған азаматтар мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына есептелген. Апатты және ескі үйлердің тұрғындарын көшіру бойынша жұмыстарды жалғастырамыз», – дейді елорда әкімі.
[caption id="attachment_12861" align="alignnone" width="978"] Фото авторы: Александр Куприенко/Elorda Aqparat[/caption]