Елорда жаңалықтары

«Nur Otan» партиясының елордалық филиалы 50 балаға планшет сыйлады

«Nur Otan» партиясының елордалық филиалы 50 балаға планшет сыйлады. Бұл туралы партияның елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Каналимов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Бүгін елордалық партиялықтар көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына онлайн оқытуға арналған алғашқы 50 планшетті сыйға тартты. Техника барлық талаптарға сай. Іс-шара «Бақытты отбасы» ұлттық жобасы мен «Баланы мектепке дайындайық» республикалық акциясы аясында өтті. Балаларға жақсы баға және көптеген жаңа достар тіледі», - деп жазды Е.Каналимов.

-->