Байқоңыр ауданында бұрын - соңды жарық болмаған С.Рахымов көшесінде жарықдиодты шамдар орнатылып жатыр
«Астана Қалалық Жарық» ЖШС мердігерлік ұйымы күн сайын ауданданымыздағы көшелер мен саябақтарды жарықтандыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Байқоңыр ауданында бұрын жарық болмаған С.Рахымов көшесінде жарықдиодты шамдар орнатылып жатыр, деп хабарлайды Елорда Инфо аудандық әкімдікке сілтеме жасап. Аталған жұмыстар жарықтандыру құрылғыларының дұрыс жұмыс істеуімен қатар кешкі уақытта тұрғындар мен көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ең маңыздысы биылғы жылы Кенесары көшесінен Ғұмар Қараш көшесіне дейінгі аралықта бұрын жарық болмаған С.Рахымов көшесінде жарықдиодты шамдармен көшені жарықтандыру тіректерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Ал Кенесары көшесінің бойындағы А.Пушкин көшесінен Республика даңғылына дейінгі аралықта ескі темірбетон тіректерін демонтаждау жұмыстары жүргізілуде. К. Ататүрік атындағы саябақта жарықтандыруды қайта құру жұмыстары жүргізілсе,Алаш тас жолында жарық желісінде қысқа тұйықталулар пайда болғандықтан, электр сымын ауыстыру жұмыстары жоспарланған. Сондай-ақ, ағымдағы жылы аудан аулалары мен қоғамдық кеңістіктегі абаттандыру жұмыстары барысында жарықтандыру элементтері орнатылуда. Аудан көлемінде осы бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып жатыр.
-->«Астана Қалалық Жарық» ЖШС мердігерлік ұйымы күн сайын ауданданымыздағы көшелер мен саябақтарды жарықтандыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Байқоңыр ауданында бұрын жарық болмаған С.Рахымов көшесінде жарықдиодты шамдар орнатылып жатыр, деп хабарлайды Елорда Инфо аудандық әкімдікке сілтеме жасап. Аталған жұмыстар жарықтандыру құрылғыларының дұрыс жұмыс істеуімен қатар кешкі уақытта тұрғындар мен көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ең маңыздысы биылғы жылы Кенесары көшесінен Ғұмар Қараш көшесіне дейінгі аралықта бұрын жарық болмаған С.Рахымов көшесінде жарықдиодты шамдармен көшені жарықтандыру тіректерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Ал Кенесары көшесінің бойындағы А.Пушкин көшесінен Республика даңғылына дейінгі аралықта ескі темірбетон тіректерін демонтаждау жұмыстары жүргізілуде. К. Ататүрік атындағы саябақта жарықтандыруды қайта құру жұмыстары жүргізілсе,Алаш тас жолында жарық желісінде қысқа тұйықталулар пайда болғандықтан, электр сымын ауыстыру жұмыстары жоспарланған. Сондай-ақ, ағымдағы жылы аудан аулалары мен қоғамдық кеңістіктегі абаттандыру жұмыстары барысында жарықтандыру элементтері орнатылуда. Аудан көлемінде осы бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып жатыр.