Праймеризге қатысуға құжат тапсырған елордалықтарға куәліктер табыс етілді
Праймеризге қатысуға 17 тамызда құжат тапсырған елорданың алғашқы бес тұрғынына бүгін үміткерлердің куәліктері табыс етілді. Бұл туралы Елорда Инфо партияның елордалық филиалы төрағасының бірінші орыбасары Ерлан Каналимовке сілтеме жасап хабарлайды.
Ерлан Ахмеди, Владимир Савкин, Бақдәулет Жанділдаев, Жәмилә Садықова және Бауыржан Исабаев - елордада алғаш тіркелген есімдер. Қала тұрғындары үшін партияішілік іріктеуге қатысуға құжаттарды қабылдау 17 тамызда басталып, 2020 ж. 28 тамыз, сағат 14.00-де аяқталатынын тағы да еске салғым келеді.
«Nur Otan» партиясының елордалық филиалы Тәуелсіздік даңғылы 3, №3 кеңсе мекенжайы бойынша праймеризге қатысуға ниет білдірушілерден құжат қабылдайды. Егер Сіз өз аймағыңыздың болашағына немқұрайлы қарамасаңыз, жəне оны жақсырақ етуді қаласаңыз, алдағы іріктеуге белсене қатысуға шақырамыз.