Елорда жаңалықтары

Елорданың Оқушылар сарайы күзден бастап онлайн дәріс береді

Нұр-Сұлтан қаласының Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы алдағы күзден бастап онлайн дәріс беру үшін «Mindal» порталы арқылы өтінім қабылдау жұмысына кірісті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

Жаңа бастаманың іс-әрекетін, жұртшылық алдындағы ашықтығы мен айқындығын бақылау үшін «Астана — адалдық алаңы» жобасының өкілдері арнайы қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Бірер ай бұрын ғана әлемнің екінші ұстазы саналған Әбу Насыр Әл Фарабидің есімін иемденген өнер мен білім ордасы үйірмелер мен секциялардың 125 түрі, 11 бағыт бойынша дәріс өткізеді. Бір мезетте 12 мыңнан астам баланы қамтуға қауқарлы Оқушылар сарайы балаларды қабылдауды 1-15 қыркүйек аралығында, ал жеңілдік санаты үшін 20 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында өткізеді.

«Былтырғы оқу жылынан бастап балаларды Оқушылар сарайына электронды түрде қабылдауды жүзеге асырған болатынбыз. Бұл процесс «Mindal» бағдарламасы арқылы жүреді. Оның артықшылығы ата-аналар бұрынғыдай ғимаратқа келіп, кезекке тұрып, үйірмелерге немесе секцияларға жазылмайды. Цифрландыру кезеңінде қазір үйде отырып-ақ, біздің сайтымызға кіріп, тіркелу деген белгісі арқылы өтіп, ЖСН нөмірін енгізеді. Телефонына келген код арқылы кіріп, баланың ЖСН-ін енгізіп, өздеріне қажетті үйірмені таңдайды», — дейді Оқушылар сарайының директоры Ербол Іргебай.

Сөзін жалғай отырып, мекеме басшысы онлайн дәріс беру тәжірибесі бұрын-соңды болмағанын, дегенмен негізі іс-әрекеттерді үйретуге қауқарлы екенін атап өтті.

Жиын барысында онлайн тіркелу процесі кеңінен түсіндіріле отырып, сарай жетекшісі мынаны айрықша атап өтті. Әр үйірмеге қабылданатын бала саны шектеулі болғандықтан тіркелу кезінде «орын саны 0» деген жазу шығуы мүмкін екенін мәлім етті.

«Меніңше бұл түсініксіз болып қалады. Жобаның ашықтығын көрсетпейді. Кеше ғана хабарландыру тараған үйірменің бүгін балаға толып кеткен, «орын саны 0» деген жазу шығуы түсініксіздеу болуы мүмкін. Ең болмағанда қанша адам тіркелгені туралы мәлімет көрсетілгені жөн деп ойлаймын. Ал оқушылардың аты-жөні көрсетіліп тұрса, ешкімнің дау айтпауына себеп болып, жобаның ашықтығын барынша көрсетер еді», — деп «Астана — адалдық алаңы» жобасының жетекшісі Мирас Шекенов өз ұсынысын ортаға салды.

Мекеме басшысы Ербол Іргебай бұл ұсынысқа алғысын білдіріп, міндетті түрде енгізілетінін жеткізді.

Жиын барасында үйірмеге жазылған оқушы еш себепсіз үш дәріске қатыспаса, ол бала шығарылып, орнына кезекте тұрған келесі бала қабылданатыны мәлім болды.

Осыдан кейін жиылған жұрт ғимарат ішін аралап, бассейн, коньки спорты, футбол секілді үйірмелер өтетін орындарды шолып шықты.

Айта кетейік, «Mindal» бағдарламасы арқылы ата-аналардың бос үйірмелер жайлы мәліметтерден хабардар болып отыра алады.

-->