Елорда жаңалықтары

Қазақстандық режиссер Швейцариядағы кинофестивальде марапатқа ие болды

Локарно қаласында өткен Халықаралық кинофестивальде қазақстандық "Өркениет тарихы" фильмі "Күміс қабылан" сыйлығына ие болды. Картинаның режиссері Жаннат Алшанова. Бұл туралы Елорда Инфо Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 14 тамызда Халықаралық кинофестивальдің нәтижесі жарияланды. Тамыз айынан бастап Швейцария билігі кинотеатрларды ашуға рұқсат бергеніне қарамастан, марапаттау рәсімі онлайн форматта өтті. ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова режиссерді жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі. Айта кету керек, қазіргі таңда мемлекетіміз жас режиссерлерге жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Қызметін жаңа бастаған кинематографистер үшін шығармашылықты дамытуға және халықаралық фестивальдарда дебютпен өнер көрсетуге мүмкіндік беретін түрлі мемлекеттік бағдарламалар бар. Жаннат Алшанованың "Өркениет тарихы" фильмі былтыр  жазда Алматыда түсірілген. Басты рөлдерді композитор Ақмарал Зықаева (Mergen), ол сонымен қатар фильмге музыка жазған және суретші Айдар Әлімбаев сомдаған. Қоюшы-операторы португалиялық Леандро Ферран. Режиссер Локарно фестиваліне үшінші рет қатысып отыр. 2018 жылы экранға "Біз ризамыз" (Оңтүстік Африка өндірісі) толықметражды фильмі шықты, онда Жаннат бірлескен продюсерлердің бірі болған. Картина фестивальдің негізгі конкурстық бағдарламасына іріктелген. Жаннат 2019 жылы  Локарнодағы Бела Таррдың режиссерлік шеберханасына өтіп "Паола тілек тілейді" фильмін түсірген. Әлемдік премьера Локарно қаласында көрсетілді, ал 2020 жылдың қаңтарында фильм Сандэнс фестиваліне қатысқан.

-->