FINA жүзуден 2021 жылғы әлем кубогі кезеңінің жарыс кестесін жариялады
Халықаралық су спорты түрлері федерациясы (FINA) жүзуден 2020 жылғы әлем кубогі кезеңдерінің өтпейтінін хабарлады. Сондай-ақ, 2021 жылғы кубоктік кезеңдер мерзімін жария етті, деп хабарлайды Елорда Инфо оlympic.kz-ке сілтеме жасап. 2021 жылғы әлем кубогі алты кезеңнен тұрады және Токиодағы Олимпиада ойындарынан соң өткізіледі. Бірінші және екінші кезең Сипгапур мен Цзинан қалаларында жоспарланған (нақты мерзімі кейін хабарланады), үшінші кезең 1-3 қазан күндері Берлинде (Германия), төртінші кезең 7-9 қазан аралығында Будапештте (Венгрия), бесінші кезең 21-23 қазанда Дохада (Катар), алтыншы әрі финалдық кезең 28-30 қазан күндері Қазан қаласында ұйымдастырылады. 2021 жылғы әлем кубогі кезеңдері 25 метрлік бассейнде өтеді және 25 метрлік бассейндегі әлем чемпионатына іріктеу кезеңі болып есептеледі. Аталған чемпионат 2021 жылдың 13-18 желтоқсанында Әбу-Дабиде (БАӘ) өтеді.
-->Халықаралық су спорты түрлері федерациясы (FINA) жүзуден 2020 жылғы әлем кубогі кезеңдерінің өтпейтінін хабарлады. Сондай-ақ, 2021 жылғы кубоктік кезеңдер мерзімін жария етті, деп хабарлайды Елорда Инфо оlympic.kz-ке сілтеме жасап. 2021 жылғы әлем кубогі алты кезеңнен тұрады және Токиодағы Олимпиада ойындарынан соң өткізіледі. Бірінші және екінші кезең Сипгапур мен Цзинан қалаларында жоспарланған (нақты мерзімі кейін хабарланады), үшінші кезең 1-3 қазан күндері Берлинде (Германия), төртінші кезең 7-9 қазан аралығында Будапештте (Венгрия), бесінші кезең 21-23 қазанда Дохада (Катар), алтыншы әрі финалдық кезең 28-30 қазан күндері Қазан қаласында ұйымдастырылады. 2021 жылғы әлем кубогі кезеңдері 25 метрлік бассейнде өтеді және 25 метрлік бассейндегі әлем чемпионатына іріктеу кезеңі болып есептеледі. Аталған чемпионат 2021 жылдың 13-18 желтоқсанында Әбу-Дабиде (БАӘ) өтеді.