Қазақстан мен Румынияның Ауыл шаруашылығы министрлері келіссөздер жүргізді
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Румынияның ауыл шаруашылығы және өңірлік даму министрлігінің басшысы Некита-Адриан Ороспен онлайн кездесу өткізді, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР АШМ ресми сайтына сілтеме жасап.
Бейнеконференция барысында ведомство басшылары өз елдеріндегі ауыл шаруашылығының жай-күйі туралы баяндады, пандемия жағдайындағы саланың өзекті проблемаларын, сондай-ақ аграрлық және аграрлық-ғылыми салалардағы ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруға байланысты перспективалық бағыттарды талқылады.
Министрлер Қазақстан мен Румыния арасындағы тауар айналымының өте жоғары деңгейін (2019 жылы 1,8 млрд $) атап өтіп, агроөнеркәсіп кешені секторындағы тауар айналымы әзірге екі елдің әлеуетіне сәйкес келмейтініне келісті. Осыған байланысты екіжақты тауар айналымын ауыл шаруашылығы өнімдеріне қарай әртараптандыру жөніндегі жұмысты жандандыру ұсынылды.
Қазақстандық тарап Румынияның табысты тәжірибесі мен ауыл шаруашылығы технологияларын зерделеуге, сондай-ақ румын бизнесінің ауыл шаруашылығы техникасын өндіруге және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және сақтау жөніндегі кәсіпорындар құрылысына қызығушылық танытатынын мәлімдеді. Сондай-ақ ҚР АШМ басшысы Қазақстан мен Румынияның ауыл шаруашылық бағытындағы жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастықты жолға қоюды және тәжірибе алмасу мен өзара тиімді байланыстар орнату үшін екі елдегі фермерлер делегацияларының сапарларын ұйымдастыруды ұсынды.
Сапархан Омаров румын бизнесмендерін Қазақстанның ауыл шаруашылығына инвестиция салуға шақырды және Некита-Адриан Оросқа республиканың аграрлық жоғары оқу орындары мен Клуж-Напока қаласының Ауыл шаруашылығы ғылымдары және ветеринарлық медицина университеті арасында меморандумға қол қою мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
"Өсімдік шаруашылығы саласында қазақстандық ҒЗИ органикалық және экологиялық таза өнім өндірісін дамытуға, ауыл шаруашылығы дақылдарының генетикалық ресурстарымен алмасуға және жаңа сорттарға экологиялық сынақ жасауды көздейді. Мал шаруашылығы саласында румыниялық елтірілік және сүтті қой шаруашылығы тәжірибесін меңгеріп, генетика және биотехнология саласындағы мамандармен тәжірибе алмассақ. Қазақстан ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға, агроөнеркәсіптік кешеннің тауар айналымы көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ инвестициялар мен жаңа технологияларды тартуға мүдделі. Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша ынтымақтастығымызды жалғастыра береміз деп үміттенемін", - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі.
Румынияның ауыл шаруашылығы және өңірлік даму министрі өз сөзінде ірі қара мал мен қой шаруашылығындағы ынымақтастықты жүйелі жалғастыруға ерекше ынталы екенін атап өтті. Сонымен қатар, екі ел арасында қой еті секторы: генетика, өндірістік көрсеткіштер, сапа критерийлері, қой шаруашылығына арналған пилоттық жоба сияқты бірқатар жұмыстарды бірлесе атқару өте өзекті болып отыр.
Сондай-ақ, Некита-Адриан Орос румындық шарап және Karpaten Meat компаниясының өнімдерін елімізге әкелуге қызығушылық танытты. Karpaten Meat негізін қалаушылар Румынияда серіктестік бағдарламалар арқылы ангус бұзауларын өндіру желісін құрды.
Сонымен қатар, қос тарап Румыния мен Қазақстанның ауыл шаруашылығы университеттері арасындағы ынтымақтастықты дамыту және екі елдің фермерлері арасында өзара сапарлар ұйымдастыруды жоспарлады.
Онлайн-кездесудің соңында Қазақстан мен Румыния ауыл шаруашылығы министрліктері арасындағы өзара байланыс туралы меморандум жобасын талқылады. Жобада қарастырылған негізгі бағыттар: өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы жұмыстарын механикаландыру, тамақ өнеркәсібі, ауылды дамыту, ауыл шаруашылығы саласындағы консультациялық қызметтер, ғылыми зерттеулер.
-->ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Румынияның ауыл шаруашылығы және өңірлік даму министрлігінің басшысы Некита-Адриан Ороспен онлайн кездесу өткізді, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР АШМ ресми сайтына сілтеме жасап.