Жеңіл атлетикадан «Гауһар лигасы» кезеңі Стокгольмде өтеді
Швеция астанасы Стокгольмде 23 тамыз күні жеңіл атлетикадан «Гауһар лигасы» кезеңі өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо Olympic.kz-ке сілтеме жасап. Көптен бері үзіліс алған жеңіл атлетика бәсекесі әлемде қайта жанданды. Стокгольмдегі додаға көптеген әлем және Олимпиада чемпионы қатысады деп жоспарлануда. Нақтырақ айтар болсақ, әлемдік жеңіл атлетика жұлдыздары Мондо Дуплантис, Даниэль Шталь, Катерина Стефаниди, Карстен Уорхольм және басқа да танымал атлеттер бақ сынайды. Айта кетелік, Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы жарыс кезінде қауіпсіздік шаралары түгел сақталатынын мәлімдеді.
-->Швеция астанасы Стокгольмде 23 тамыз күні жеңіл атлетикадан «Гауһар лигасы» кезеңі өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо Olympic.kz-ке сілтеме жасап. Көптен бері үзіліс алған жеңіл атлетика бәсекесі әлемде қайта жанданды. Стокгольмдегі додаға көптеген әлем және Олимпиада чемпионы қатысады деп жоспарлануда. Нақтырақ айтар болсақ, әлемдік жеңіл атлетика жұлдыздары Мондо Дуплантис, Даниэль Шталь, Катерина Стефаниди, Карстен Уорхольм және басқа да танымал атлеттер бақ сынайды. Айта кетелік, Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы жарыс кезінде қауіпсіздік шаралары түгел сақталатынын мәлімдеді.