Биыл елордадағы көлік-логистикалық орталықта 700 мың тоннаға дейін жүк өңделеді
Нұр-Сұлтандағы «Continental Logistics» ЖШС компаниясының көлік-логистикалық орталығы жыл соңына дейін 700 000 тоннаға дейін жүк өңдейді, деп хабарлайды Елорда Инфо. Бүгінгі таңда КЛО қоймаларының қуаты 50 000 паллет орынды құрайды, бұл ретте тиеу-түсіру аймағының өткізу қабілеті күніне 1000 паллет, жүктерді өңдеу қабілеті жылына 700 000 тоннадан астам жүк. Бұл жерде елорда мен өңірлер халқының қажеттіліктерін үздіксіз қамтамасыз ету үшін алты мыңнан астам азық-түлік тауарлары, көкөністер, тұрмыстық химия, техника және басқа да қажетті өнімдер сақталады. Бұған дейін осы орталықтың қоймаларында болған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев короновирустың пандемиясына байланысты төтенше жағдай кезінде азық-түліктерді үздіксіз жеткізуді жолға қоюдың маңыздылығын атап өтті. КЛО-да қазір ерекше басымдықта - бағаны ұстап тұруға бағытталған тұтыну қоржынының құрамына кіретін ауыл шаруашылығы және өзге де өнімдерге қоймалық қызмет көрсету. Бұл ретте халықтың әлеуметтік осал топтары үшін мемлекеттік қолдау құралдарын пайдалану міндетті түрде ескеріледі. Мұндай тәсіл мемлекеттік маңызы бар өлшемдер бойынша КЛО-ның маңыздылығын қосымша арттырады. Мамандардың есептеуінше, КЛО жоғарыда аталған бастамалары мемлекетке қойылған мақсаттарға жоспарлы түрде қол жеткізуге және негізгі міндеттерді орындауға мүмкіндік береді. «Бұл жобаны жүзеге асырудың мақсаты Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының негізгі бағыттарына сәйкес жалпы республикалық көлік-логистикалық құрылымға интеграцияланатын инфрақұрылым, қазіргі заманғы қойма терминалдары мен өндірістік алаңдары бар көлік-логистикалық орталықтар желісін құру болып табылады», - деп атап өтті КЛО бас директоры Игорь Переверзев.
-->Нұр-Сұлтандағы «Continental Logistics» ЖШС компаниясының көлік-логистикалық орталығы жыл соңына дейін 700 000 тоннаға дейін жүк өңдейді, деп хабарлайды Елорда Инфо. Бүгінгі таңда КЛО қоймаларының қуаты 50 000 паллет орынды құрайды, бұл ретте тиеу-түсіру аймағының өткізу қабілеті күніне 1000 паллет, жүктерді өңдеу қабілеті жылына 700 000 тоннадан астам жүк. Бұл жерде елорда мен өңірлер халқының қажеттіліктерін үздіксіз қамтамасыз ету үшін алты мыңнан астам азық-түлік тауарлары, көкөністер, тұрмыстық химия, техника және басқа да қажетті өнімдер сақталады. Бұған дейін осы орталықтың қоймаларында болған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев короновирустың пандемиясына байланысты төтенше жағдай кезінде азық-түліктерді үздіксіз жеткізуді жолға қоюдың маңыздылығын атап өтті. КЛО-да қазір ерекше басымдықта - бағаны ұстап тұруға бағытталған тұтыну қоржынының құрамына кіретін ауыл шаруашылығы және өзге де өнімдерге қоймалық қызмет көрсету. Бұл ретте халықтың әлеуметтік осал топтары үшін мемлекеттік қолдау құралдарын пайдалану міндетті түрде ескеріледі. Мұндай тәсіл мемлекеттік маңызы бар өлшемдер бойынша КЛО-ның маңыздылығын қосымша арттырады. Мамандардың есептеуінше, КЛО жоғарыда аталған бастамалары мемлекетке қойылған мақсаттарға жоспарлы түрде қол жеткізуге және негізгі міндеттерді орындауға мүмкіндік береді. «Бұл жобаны жүзеге асырудың мақсаты Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының негізгі бағыттарына сәйкес жалпы республикалық көлік-логистикалық құрылымға интеграцияланатын инфрақұрылым, қазіргі заманғы қойма терминалдары мен өндірістік алаңдары бар көлік-логистикалық орталықтар желісін құру болып табылады», - деп атап өтті КЛО бас директоры Игорь Переверзев.